МТРА жаңалықтары

Петропавлда қала активі Елбасы жолдауын талқылады

Кәсіпкерлік, АӨК, логистика, медицина мен білім. Олардың барлығын жүзеге асыру үшін қарқынды жұмыс атқару керек дейді, қала әкімі М.Тасмағанбетов. Бүгінде облыс орталығында 13 мың адам үй кезегінде тұр. Яғни, баспана мәселесі өзекті. Жолдауда дәл осы тұрғын үймен қамту мәселесі де көрініс тапты.

Марат Тасмағанбетов, Петропавл қаласының әкімі:

– «Нұрлы жер» бағдарламасында аталғандай жеке үй салу үшін жер бөлінді. Инженерлік коммуникацияның дамуы да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Жас Өркен, Береке шағынаудандарын сумен жабдықтау және кәріз жүйесін орнату бойынша жоба жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, “Солнечный 2” шағын ауданын коммуникациямен қамту үшін республикалық бюджеттен «Нұрлы жер» арқылы 1 млрд теңге бөлінді.

Елбасы жолдауда бөлген тағы бір маңызды тармақ – логистикаға қатысты болды. Жаңа әуежай, жол жөндеу, темір жол жайын жақсарту. Мұның барлығы Петропавлда біртіндеп жүзеге асырылып жатыр. Мұның есебінен қала гүлденіп, республикадағы маңыздылығы арта түседі дейді, Александр Липовой.

Александр Липовой, Петропавл қаласының құрметті азаматы:

– Автомобиль жолдарын салып, инфрақұрылымды дамыту керектігі жолдауда жазылды. Кезіндегі Жібек жолының қалыпқа келтірілуі дұрыс. Қытайдың солтүстігі мен Еуропа шекарасына дейінгі жол құрылысы біз үшін үлкен пайда әкеліп, экономиканы дамытады. Атап кетейін, бұл жол біздің Петропавл арқылы өтеді. Елбасының жолдауында бұдан бөлек көптеген маңызды мәселелер көтерілді. Енді, елімізде біраз оң өзгерістер болары сөзсіз.

Абылайхан Қайроллаев жас та болса бас болып жүрген белсенді студент. Ол М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де білім алады әрі «Жас Отан» ЖҚ қалалық бөліміне жетекшілік етеді. Белсенді жас қатарластарына өздеріне Президент артқан мінеттерді түсіндіре жүру парызым деп санайды.

Абылайхан Қайроллаев, “Жас Отан” ЖҚ Петропавл қалалық бөлімінің жетекшісі:

– Елбасы ЖОО-да білім сапасын арттыруды атады. Студент болғандықтан бұл мен үшін өте маңызды. Мен жастара қарата айтылған президент тапсырмаларын қатарластарыма түсіндіруге ат салысамын.

Кейін, шаһар басшысы Марат Тасмағанбетов орынбасарларына жолдауды халыққа түсіндіру жұмыстарын түпілікті жүргізуді тапсырды. Оның ішінде медициналық сақтандыру, мемлекеттік жеке меншік әрітестік аясындағы кәсіпкерлік пен жастардың тегін техникалық білім алуы бойынша тапсырмаларға ерекше көңіл бөліну керектігін атап кетті.

Акбопе Танирберген