МТРА жаңалықтары

Облыс судьяларының кеңейтілген кеңесі өтті

Владимир Кириленко – СҚО сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:

– Былтыр өңір судьяларымен 2 мыңнан астам қылмыстық іс қаралды. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 23 пайызға жоғары. Елбасы атап өткендей, қылмыстық істерді қарау мерзімін мейлінше қысқарту қажет. Және жеңіл, орташа қылмыс түрлеріне қатысты істерді қарауда медиация әдісіне жүгіну керек. Биыл 208 қылмыстық істі медиаторлар қарады.

Өңірімізде қазір 109 медиация кабинеті жұмыс істеп тұр. Өткен жылдың жұмысы туралы есеп тыңдалған соң ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин жекелеген аудандардағы судьялардың жұмысына сын тақты. Айтуынша, 1-ші инстанция ұсақ және орташа қылмыстарға ізгілендіру шарасын қолданбайды.

Абай Рахметулин – ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:

– СҚО-да орташа қылмыстардың саны 17 пайызға артыпты. Соның көбінде судьялар айыпталушыларға қатаң жаза қолданыпты. Сіздер білесіздер қолданыстағы Қылмыстық кодекстің біраз нормалары ізгілендірілген. Сіздер неге сол жеңіл жаза түрлерін қолданбайсыздар. Және бұрын сотталғандармен жасалған қылмыстарға терең сараптама жасап, альтернативті жаза беру қажет.

Бұдан бөлек Абай Рахметулин қылмыстық істерді қарау мерзімі 6 айдан артық уақытқа созылып кетпесін деді. Аудандардағы судьялардың жиі ауысыуына да жол берілмеу керек. Соның салдарынан азаматтық, қылмыстық істерді қарау мерзімі ұзарып кетіп, екі ортада тұрғындардың көп уақыты зая шығындалады.

 

Берік Қасен