МТРА жаңалықтары

Мәжіліс депутаттарына денсаулық сақтау саласындағы өзекті проблемалар айтылды

Шавкат Өтемісов – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрі-дәрмектердің бағасын бақылау үрдістерінің барлығы электрондық нұсқада жүзеге асырылады. Мектеп мидицинасын Бейінді министрлік өз қадағалауына алады. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап ел бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіліп, арнайы қорға жұмыс берушілердің есебінен 2 пайыз жарна төленеді. Кейін оның мөлшерлемесі жыл сайын көтеріледі. Ауруханалар мен емханалардың арасында клиенттер үшін нағыз бәсеке басталады.

Оңтайлы сәтті пайдаланып, дәрігерлер Мәжіліс депутаттарына көкейіндегі сұрақтарын қойды. Басым көпшілігін кадр тапшылығы алаңдатады. Дәрігерлер кеңес заманынан қалған ескі-құсқы жүйені түбегейлі өзгерту қажет қажет дейді.

Юрий Белоног – облыстық аурухананың бас дәрігері:

– Бүгінде дәрігерлікке оқитын мамандар тоғыз жыл білім алады. Оның үш жылы – резидентура. Соңғысының оқу ақысын студенттермен келісімшарт жасасқан емдеу мекемелері төлейді. Кейін мамандарға жұмсалған шығынның бәрі ақталмайды. Бізге жұмысқа келіп жатқан жас мамандардың кесір тілігінен басқа қолдарынан еш нәрсе келмейді.

Олег Завьялов, СҚО балалар ауруханасының бас дәрігері:

– Облыстық балалар ауруханасында педиатр дәрігерлердің тапшылығы өткір сезілуде. Бізге 10 маман қажет. Жақында 2 зейнеткер еңбек демалысына шықты. Олар мекемемізде 75 жасқа дейін жұмыс істеді. Ауруханада әлі де еңбектеніп жүрген зейнеткерлер жетерлік.

Иван Клименко – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Біз бұл мәселелердің барлығын жақсы білеміз. Ұсынысыңызды мәжіліс депутаттарының талқысына салып, дұрыс шешімге келеміз деген ойдамын.

Оған қоса ауруханалардың жеке формулярында ең қажетті деген дәрі-дәрмектер тізімге кірмеген. Мұны да біржақты ету керек. Оған қоса Елбасы тапсырғандай барлық дәрілердің бағасы реттелетін болады.

 

Берік Қасен