Аптадағы маңызды жаңалықтар

Мәжіліс депутаттары достық үйінде Елбасының жолдауын талқылады

Әлия Малдыбаева – Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының мұғалімі:

– Бұл жолдаудың мұғалімдер алдындағы, қоғам алдындағы міндеті өте жоғары. Сондықтан, бүгінде жеке тұлғаны мектеп қабырғасында әрине терең білім беру, танымдарын таныту жайында осы жолғы жолдауда да мектеп тәрбиесіне қатысты терең ойлары өте көп. Оны орындауда әріптестерім жақсы табыстарға жетеді деген ойдамын.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінде бірқатар өзгерістер орын алу керектігін атап өтті. Тапсырмалардың бірі – барлық дәрі-дәрмектердің бағасын заңнамалық тұрғыдан ретке келтіру. Міне, осы көкейкесті мәселе солтүстікқазақстандықтарды қызықтырып, Мәжіліс депутаттары бұл сауалға айрықша тоқталды.

Иван Клименко – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бүгіндері Үкімет басшысы министрлікке бұл тапсырманы жүктеді. Алдағы уақытта мәселені біз Мәжілісте талқылап, ретке келтіреміз.

Сондай-ақ, жиында теріскейліктер әлеуметтік желіде теріс пікір қалдырғандарды жауапкершілікке тарту мәселесін қозғады.

Михаил Чирков – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

 

– Әлеуметтік желілерде түрлі пікір қалдыратын адамдар әрқашан аты-жөндерін көрсетпейді. Неге? Өйткені, бұл өзге елдердің заңдарында рұқсат берілген. Бірақ, әлемдегі тәжірибе көрсетіп отырғандай олар өздерін жасырып пікір қалдырған себепті жазадан құтылып отырған. Енді осы орайда Елбасы өз жолдауында елімізде интернет қауіпсіздікті , яғни, “КиберЩит”-ті құруды тапсырды.

Депутаттар өзекті мәселелерді Астанаға барғасын тағы қарап, олардың шешілуіне жұмыс жасайтындықтарын айтты.

 

Тогжан Акмагамбетова