МТРА жаңалықтары

Жаңа кітаптар көрмесі өтті

Бәйкен қажы Кәдірбайұлы:

– Әдеби, тарихи кітаптарды алып оқимын. Жастарға айтарм мұндай көркем шығармаларды оқыса мәдени тұрғыда дамып, білімдері артады.

Көз сан-саққа жүгіреді. 2016 жылдың соңынан қазіргі күнге дейін Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кiтапханасына 300-ден артық кітап түскен. Оның барлығы осында тізілулі тұр.

Ақбөпе Тәңірберген, тілші:

– Бүгінгі көрмеде бұрын баспа бетін көрмеген қызықты, жаңа ктіаптар өте көп. Мәселен Омар Хайамның наурызнамасы. Еңібекті Исраил Сапарбай тұңғыш рет қазақ тіліне аударып, мынадай кітап етіп шығарған. Ерекше көзге түсетін тағы бір туынды «Сүйінбике» деп аталады. Мұнда Томирис сынды елі үшін атқан қонған жаужүрек түркі қызы жайлы жазылған.

О.Сүлейменовтың екі тілде шыққан жаңа бес томдығын да көзіміз шалды. Ал, Мұқағали өлеңдерін сүйіп оқитындар үшін жақсы жаңалық бар. Ақынның өмірден өтер алдында жазған, бұрын ешқайда жарияланбаған туындылары жинақталып шығыпты. Шетелдің, Стив Джобс, Александр Бушков, Стивен Кинг, Сара Баязит сынды жазушыларының кейінгі кітаптары да толып тұр. Жаңа туындыларды жұрт таласып тармасып алып жатты.

Қайыржан Мәлікова, Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кiтапханасының қызметкері:

– Тарихи, Саяси, психологиялық және көрсем шығармалар әкелінді. ҚР мәдениет және спорт бағдарламасының қолдауымен берілді.

Сондай-ақ, ағылшын тіліндегі шығармалардың 60-тан артық таспаға жазылған үлгілері де бар. теріскейлік оқырман оларды кез-келген уақытта алып оқый алады.

 

Акбопе Танирберген