МТРА жаңалықтары

Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық департаменті өткен жылды қортындылады

Бейбіт Әбілев – ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы:

– Біз оларға 2 млн теңгеден астам айыппұл салдық. Және оларға талаптар қоямыз. Осындай кемшіліктерді олар жою керек. Белгілікті уақыт береміз. Бір жыл бойы олар біздің жоспарымызда, бақылауымызда болады.

Мамандар бүгіндері көп қателіктер, әсіресе, метрология саласында орын алады дейді. Қазіргі кездерде тауарлардың өлшемі қорабындағы жазылған мөлшермен сәйкес келмейтін көрінеді. Ондай жағдайлар базарлар мен сауда орындарында жиі кездеседі.

Бейбіт Әбілев – ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы:

– Базарлар не сауда орталықтарында құрма, шырындар алғанда өлшемдері жазылып тұрады. Мысалы 500 грамм. Біз арнайы құралдармен тексергенде қорабында 500 грамм деп жазылып тұрған құрманың ішінде 380 грамм ғана болады. Сонда қалған 120 грамм өтірік. Бұл ретте біз біріншіден сатушыға айыппұл саламыз.

Бірақ, бұл дұрыс емес, сондықтан алдағы уақытта мұндағылар жаңа Европалық модельге көшпекші. Сол уақытта тек сатушы ғана емес, оны өндірген кәсіпорын мен тасымалдаушы да жазаланбақ. Тағы мамандардың айтуынша, бүгіндері «халал» түсінігін кәсіпкерлер көп пайдаланғыш боп кеткен. «Тисе терекке, тимесе бұтаққа» деп осындай атаумен олар асхана, қонақ үйлер, тіпті, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету орталықтарын да атайды екен.

Вадим Маршаков – ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментінің бас маманы:

– Жалпы халал, ол – ұлттық үрдістерді сақтай отыра дайындалған өнім түрі. Сондықтан, ең алдымен, мекеменің атына “халал” сөзін жалғау үшін тиісті нормативтік базаны дайындап алу керек. Айталық, шұжық, сүт тауарларында ол сақталса, қонақ үй, асханаларда сақтала бермейді. Осыған назар аударған жөн. Кәсіпкерлер көбіне өнімді жарнамалаймын деп осылай жасай салады. Бірақ, ең алдымен құжаттарды дайындау қажет.

Жалпы өткен жылы комитет елеміздің экономикалық және әлеуметтік әлеуеттін арттыру тұрғысында үлкен жұмыс атқарған. Бұл жұмыс сапалы жүргізілуі үшін 10 негізгі бағыт айқындалып, олар қазір қарастырылу үстінде.

 

Магжан Ахмадина