МТРА жаңалықтары

Сталинград майданына 75 жыл

Мақстан Оразов: ҚР ҰҰ Әскери институтының курсанты:

– Стадинград түбінде қанша адам қаза тапты. Ата-бабаларымыздың бұл ерлігі бізге үлгі. Біз де Отанымыздық қорғаны болар сарбаз боламыз.

Сталинградтың ауыр шайқасты бастан өткеріп, қаһармен қала атанғанына міне биыл – 75 жыл. Қаланы жанын шүберекке түйіп қорғаған солтүстікқазақстандық жауынгерлер қаншама. Оның төртеуі әлі де арамызда. Сұлтан Мұхамеджанов, Павел Самсонов, Иван Сторожев және Алексей Физов. Кезінде көзінде от ойнап тұрған жастық шақтарында майданға аттанар алдында түскен суреттері осында ілулі тұр. Қазір 90-ды еңсерген қариялар жастармен жүздесуге келе алмаған. Бірақ, бүгінгі көрмеге аталған ардагерлердің майданда пайдаланған заттары, үйлеріне жазған хаттары мен марапат құжаттары жайғастырылған.

Гүлжауһар Сәдуақасова, облыстықтық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі:

– 200 күн мен түнге созылған шайқасқа көптеген қазақстандықтар қатысты. Бүгінгі көрме олардың ерлігіне арналады.

Қазақстан – Стлинград майданына ең жақын тыл болды. Бір ғана Солтүстік Қазақстандағы 6 қорғаныс кәсіпорны ондағы шайқас даласын керек-жарақпен қамтамасыз етіп отырды.

 

Акбопе Танирберген