МТРА жаңалықтары

Құрылыс саласына жаңа технологиялар енгізу қажет

Болат Әбілмәжінов – “Қантемір” ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты:

– Президент үкіметке субсидия беру механизмдерін қайта қарастыруды тапсырды. Тағы субсидия гектар бойынша емес өнімнің түсім көлеміне қарай берілетін болды.

Биылдан бастап зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақылардан бөлек
кәсіпкерлерге берілетін шағын несие мөлшері бірден 3 есеге артады. Мемлекет құрылыс компанияларына да субсидия түрінде үлкен жеңілдіктер ұсынбақшы. “Основание” ЖШС директоры Сергей Тимофеев құрылыс саласына да жаңа технологияларды енгізетін кез келді дейді.

Сергей Тимофеев – “Основание” ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты:

– Құрылыс саласында да жетілдіруді қажет ететін тұстар өте көп. Біріншіден, біз тұрғын үйді жобалау бойынша көрші елдерден қалыс қалдық. Өкінішке қарай, өңірімізде 3Д жобалау бағдарламасын кірістірген бір ғана компания бар. 3Д жобалау тапсырыс беруші мен мамандардың жұмысын біраз жеңілдетер еді. Екіншіден, бізге құрылыс материалдарын әзірлеу үшін табиғи газ қажет. Өйткені, электр энергиясын тұтыну тиімсіз. Үшіншіден, құм, қиыршық тас сынды материалдардың сапасы мен бағасына көңіл толмайды. Және олар қаладан алыс жерлерде қазып алынады.

Сергей Тимофеев құрылысқа қажетті сапалы қазбаларды жер астынан табу шарасына білікті геологтарды тарту қажет деді. Және жергілікті материалдардың бағасын төмендетуді ұсынды. Себебі, ол тікелей құрылыс жұмыстары мен баспанның құнына әсер етеді. Ал Президент баспаналар азаматтарға қолжетімді болсын деген болатын. Осы жиында білім саласының мамандары да сөз сөйледі. Тимирязев қазақ мектеп-интернатының директоры Айман Асанова ұлтжанды ұрпақты тәрбиелейміз десек қазақ тіліне деген қажеттілікті арттыру керек деді.

Айман Асанова – Тимирязев қазақ мектеп-интернатының директоры, облыстық мәслихат депутаты:

– Қазақ тілінің басымдығын жоғалтып алмау қажет. Қазіргі таңда ағылшын тіліне де сұраныс артып жатыр. Ол технологияның тілі болғандықтан шет тілін меңгеру заман талабы.

Депуттар денсаулық сақтау, тағы да басқа салаларда болатын өзгерістерді талқылады.

Берік Қасен