МТРА жаңалықтары

Өнегелі отбасының отау құрғанына 60 жыл

Неғмат Жұмағұлов – тыл ардагері:

– Жанұялы болғаннан кейін ер адам шаңырақтың иесі болу керек. Бірін-бірі тыңдап, сабырлы болып, ынтымақтастықта өмір сүру қажет.

Неғмат Жұмағұлов өзінің саналы ғұмырының 40 жылын агроном кәсібіне арнаса, зайыбы балаларын баға жүріп, еріне көмектескен.

Ләззат Жұмағұлова – зайыбы:

– Барлық өмірдің ыстығы мен суығын бірге көрдік. Бар қиыншылыққа бірге төтеп беріп өмір сүрдік.

«Адам ұрпағымен өсіп-өнеді, көркейеді» демекші, сексеннің сеңгіріне шығып отырған қариялардың бүгінде 4 баласынан 8 немере мен тағы сонша шөбересі бар. Соңғысы ерекше мәні бар мерейтой күні қарсаңында дүние есігін ашып, үлкен отбасыны қуанышқа бөлеген.

Қашанда ақылды, қамқорлығын аямайтын ата-анамның ақыл кеңесін, санамызға тоқып өстік дейді қызы Сағипа Жұмағұлова.

Сағипа Жұмағұлова – қызы:

– Мен ата-анамды үлгі тұтамын. Себебі олардың өмірі өті әдемі болды. Олар 60 жыл бірге тату-тәтті ғұмыр кешті.

Мәнді де сәнді тіршілік кешіп жатқан Жұмағұловтар биыл гаухар тойын атап өтті.