Аптадағы маңызды жаңалықтар

Мәжіліс депутаттары Жолдаудағы негізгі қағидаларды студенттерге түсіндірді

Ол үшін алдағы жылдарда білім беру жүйесі өзгертіледі. Жастардың бойында сыни тұрғыда ойлау қабілеті және өз бетімен іздену дағдыларын қалыптастыру бағытындағы жұмыс жанданбақ. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.

Ұлт көшбасшысы айтқандай, келешекте Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап күшейтіледі.

Серік Өмірбаев – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры:

– Жастарымыз барынша бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуы тиіс. Университет ұжымы ол үшін қажетті деңгейде білім беруде. Біразының санаты жоғары, ағылшын тілін еркін меңгерген. Студенттерге кәсіпкерлік негіздері курсы ұйымдастырылған. Осы курс арқылы жастар құқықтық, қаржылық сауаттылығын арттыра алады.

Елбасы ішкі қауіпсіздіке баса мән беріп, жастарды теріс ағымдардан қорғау керек деген болатын. Мәжіліс депутаты осы жөнінде де айта кетті.

Абай Тасболатов – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бесінші басымдықта қауіпсіздік тіралы айталған. Қазіргі заманда адамзат терроризмнің белең алуымен бетпе-бет келіп отыр. Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек. Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру керек.

Мәжіліс депуттары өңірімізде 8 күн болады.

Берік Қасен