МТРА жаңалықтары

Ювеналдық соттарға – 5 жыл

Ерлан Айтжанов – СҚО сотының төрағасы:

– Қазақастанда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі барлығы 19 сот бар. Оларды құру, балалардың құқығын қорғаудың оң нәтижесі. Бұл ҚР сот жүйесін дамытудағы үлкен қадам.

Мұндай соттар ең алғаш болып 19-шы ғасырдың аяғында, Австралияда құрылған болатын. Біртіндеп оның қажеттігін өзге мемлекеттер де түсінген. Өйткені, жасөспірімдерді ересектермен қатар қойып, бірге жазалауға болмайды. Буыны бекіп, санасы қатая қоймаған кей жастар заңбұзушылыққа көбіне білместікпен барады дейді мамандар.

Несівелді Жәнібекова – СҚО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы:

– Осы 5 жыл ішінде облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен 360 қылмыстық іс қаралса, соның 114-і кәмелетке толмағандарға қатысты болған. 1250 азаматтық іс қаралып, олар бойынша 400-ден астам балалардың құқықтары қорғалған. 240-тан астам балғын бала асырап алу бойынша өз отбасыларын тапты. 36 іс бойынша балалардың тұрғылықты мекен жайы анықталып, 24 балғын арнайы білім беру ұйымдарына жіберілді.

Тағы бес жыл ішінде кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты 5 мыңнан астам әкімшілік іс қаралыпты. Бір қуантарлығы, бүгіндері жасөспірімдермен жасалған қылмыстар саны азайып келеді.

Сайран Саркенов- СҚО ІІД ЖПҚ ЮПБ аға инспекторы:

– 2016 жылы облыста кәмелеттік жасқа толмағандармен 78 қылмыс жасалды. Бұл 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда төмен. Өйткені, онда 93 қылмыстық іс тіркелген болатын. Жалпы мұндай нәтижеге жету алдын алу шараларының күшеюі салдарынан орын алды. Біздер үнемі рейдтер ұйымдастырып, қоғамдық орындар, қала көшелерін аралаймыз. Оқу орындары, ата-аналармен де ауқымды жұмыс жасалады.

Конференцияға қатысушылар бала тәрбиесіне ата-ана жауапты екендігін айтуда. Сондықтан, уақыт жоқтығын сылтаурата бермей, балаға көп көңіл бөлген дұрыс дейді.

 

Магжан Ахмадина