Спорт

Өңіріміздің спортшылары Республикалық чемпионатта жеңіс тұғырынан көрінді

Джозеф Окаро – бокстан жасөпірімдер арасында ҚР чемпионы:

– Мен чемпионатта Қарағанды, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарынан келген боксерлармен кездесіп, оларды жеңдім. Соңғы финал ойнында қарағандылық Давид Дүйсенбаевпен кездестім. Одан бұрын аймақтық чемпионатта жеңіліп қалғанмын. Енді міне есе қайтардым. Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын.

Ал Дилшатбек Тайыржанов бокс спортына 11 жасында келген. 52 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген қызылжарлықтың қол жеткізген жетістіктері аз емес. Бірақ, олардың арасында Ақтау қаласында өткен ел чемпионатындағы қола жүлдесі ең маңыздысы. Бұл 4 жылға созылған үздіксіз жаттығулардың жемісі деп білемін дейді Дилшатбек.

Дилшатбек Тайыржанов – бокстан жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатының қола жүлдегері:

– Мен бұл сайысқа қыркүйек айынан бастап дайындалдым. Чемпионатта екі кездесуім өтті. Оның бірін жеңіспен аяқтасам, бір қарсыласыма есе жіберіп алдым.

Жалпы байрақты бәсекеге Солтүстік Қазақстан облысынан 5 былғары қолғап шебері қатысқан. Бірақ, олардың арасынан тек екі жерлесіміз медальмен оралды.

Махсат Әбілбошаров – СҚО жасөпірімдер боксынан аға жаттықтырушы:

– Мектебіміздің 35 оқушысы бокс бөлімінде жаттығады. Балалардың дайындығы жақсы. Күніне 2 мезгіл жаттығамыз. 07:29-38 Тамыз айында ең басты мақсатымыз Азия чемпионатына жолдама алып, жеңіске жету.

Ақпан айында жас спортшылар Алматы қаласында өтетін оқу-жаттығу жиындарына аттанбақ. Кейін спортшылар Грузия елінің Тбилиси қаласында өтетін халықаралық турнирге қатысып, ел намысын қорғайды.