Құқық қорғау органдары

Өңірде “Регула 75-05” құрылғысы арқылы іздеуде жүрген 3 автокөлік анықталды

Енді, жерлестеріміз өздері тізгіндеген көліктері жайлы бар ақпаратты біле алады. Ол үшін қаламыздағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінген жөн.

Сергей Гизбрехт – СҚО ІІД тіркеу-емтихандық жұмыстар бөлімінің бастығы:

– Бізге күн сайын көліктері туралы мәлімет алу үшін 60-қа жуық тұрғын келеді. Мамандар машинаның іздеуде жүрген, жүрмегендігін «Регула 75-05» құрылғысымен біле алады. Аппарат қажетті ақпаратты бірден көрсетеді.

Тағы, «Регула 75-05» құрылғысымен криминалист мамандар көліктің бұзылған вин-кодынанықтай алады. Тіпті, жалған жүргізуші куәлігі мен техникалық төлқұжатты да оңай анықтауға болады.

Сергей Гизбрехт – СҚО ІІД тіркеу-емтихандық жұмыстар бөлімінің бастығы:

– Бұл құралда орнатылған бағдарлама арқылы әлемнің кез-келген елінен ақпарат алу мүмкіндігі бар. Яғни, көлік иесінің жүргізуші құжатын алып, аппаратқа жақындатсақ оның жалған не заңды түрде жасалғандығы белгілі болады.

Жалпы, арнайы құрал арқылы тәртіп сақшылары іздеуде жүрген 3 автокөлікті тауыпты. Машиналар айыппұл алаңына қойылған. Қазір, Аталған іске қатысты тексеріс жұмыстары жүргізілуде.

Култанов Байболат