МТРА жаңалықтары

Өңір студенттері Елбасы жолдауын талқылауда

Гаухар Еркін – Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті:

– Елбасымыздың үңдеуіне келетін болсақ, бұл-өзгеріп жатқан әлемге жаңа көзқарас. Біз нақты саяси реформалардың алдында тұрмыз. 1- еліміздің демократиялық процесінің жалғасуы; 2- саяси биліктегі екі негізгі тармақтың, яғни Үкімет пен Парламенттің тең екендігін қамтамасыз ету; 3- Үкімет пен Парламеттің кәсібилігін, жауапкершілігін қамтамасыз ету. Бұл әрбір бастаманы халықпен бірлесіп талқылауға дайындығын көрсетеді. Сонымен қатар, билік тармақтарының арасындағы қарым-қатынастың форматы өзгереді. Бұл – бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі.

Елбасы өз жолдауында кәсіптік сала мамандарын дайындауға ден қою мәселесіне ерекше тоқталып өтті. Бұл ретте колледж оқытушыларына артылған жүк ауыр. Олар студенттерге берер білім сапасын арттырып қана қоймай, тәжірибелі маман қылып тәрбиелеп шығулары керек.

Тілеген Такенов – Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы:

– Примерно 30 елдің қатарына кіреді. дамиды. пайдасы бар , т.б дейді.

Бүгінгі жиынға колледж студенттері, жастар ұйымдарының мүшелері қатысты. Олар Президент жолдауын қызу талқылып, өзара пікір бөлісті. Жалпы СҚКПК-де білім алатын 1120 студенттің 720-сы тегін оқып жүр.

 

Акбопе Танирберген