МТРА жаңалықтары

Облыс активі Елбасы Жолдауын талқылады

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Елбасы тапсырғандай, біз дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беруіміз керек. Еңбек өнімділігін арттырып, өндіріс ошақтарын мейлінше автоматтандырылған құрылғылармен жабдықтау маңызды. Өз өнімдерін экспорттайтын кәсіпорындарға “бір терезе” қағидаты бойынша жан-жақты қолдау көрсетіледі. Бүгінде ЕАЭО келісім шарты аясында отандық тауар өндірушілер өнімдерін сыртқы нарыққа еш кедергісіз шығара алады.

Өңіріміз келешекте Ресей мен Қытай нарығына бағытталған азық-түлік пен тауарлардың үлесі артады. Сырттан тапсырыстар тұрақты болса, бұл кәсіпорындарды өндіріс көлемін арттыруға ынталандырары сөзсіз. Былтыр өңір экономикасына тартылған шетелдік инвестиция бірден 3 есеге өсіп, 8,3 млрд теңгеге жетті. Ең көп қаржыны қытайлықтар құйды.Жолдауда агроөнеркәсіптік салаға да ерекше көңіл аударылған.

Геннадий Зенченко — “Зенченко и К” КС бас директоры:

– Мені Нұрсұлтан Әбішұлының астық өнімдері бойынша біз Еуразияда «нан кәрзеңкесі» болуымыз керек деген сөзі қуантты. Біз шикізат өндірісінен сапалы өңделген өнім шығаруға көшуіміз қажет. Тек сонда ғана халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті бола аламыз. Ол үшін мемлекет бар жағдайды жасады. Біздің кәсіпорын былтыр мемлекеттен 1 млрд теңге субсидия алды. Үкімет пен әкімдер кәсіпкерлерге тауарларын өткізу және тасымалдау бойынша көмек беру керек. Сонда сапалы өнімнің құны арзан болады.

Бүгінде “Мамбетов и К” КС 700 басқа асыл тұқымды репродуктор құрыпты. Алдағы уақытта мемлекеттен қарыз алып, 600 басқа арнап сүт кешенін тұрғызбақшы. Еркебұлан Мамбетов мал шаруашылығын дамыту үшін ғалымдар фермерлермен тығыз
жұмыс жасау қажет дейді.

Еркебұлан Мамбетов – “Мамбетов и К” КС бас директоры, Мамлют ауданы:

– Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығын ғылыми-зерттеу институты.Шетелден әкелген асыл тұқымды мал уақыт өткен сайын өнімділігі төмендейді. Оны болдырмас үшін институт фермерлермен етене жұмыс жасау керек асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтармен сүтті, етті бағыттағы ірі қараның өнімділігін жоғарылату тұрғысында тығыз жұмыс жасаса деген ұсынысын білдірді.

Өңірімізде машина жасау саласы да жақсы дамып келеді.

Қуаныш Бишімов – “ПАМЖЗ” АҚ бас директоры:

– Бүгінде өңір кәсіпорындарына жаңа технологиялар мен стандарттарды енгізуге айрықша көңіл аударылуда. Сәйкесінше, өңірімізде өндірілген тауардың да сапасы жақсы. Бүгінде бұрғылау қондырғыларымызды Ресейдің бірқатар компанияларына өткізіп жүрміз. Қазіргі таңда Түмен облысымен 8 арнайы машинаны құрастырып беру жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

Президент Н.Назарбаев, сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмдерін пайдалануды одан әрі кеңейту керек деген болатын. Бүгінде бұл бағытта айтуға тұрарлық істер атқарылуда. Осыған дейін бизнесмендердің көмегімен шаһарымызда 929 балғын балабақшаға бару мүмкіндігіне ие болыпты. Іскер азамат Гарик Бернецян қалада 4 балабақша тұрғызып бермекші.

Гарик Бернецян – “Титан-Север” ЖШС директоры:

– Былтыр мемлекет қолдауымен 280 орынға шақталған балабақша ашып, 97 адамды тұрақты жұмысқа алдым. Келешекте барлығы 300 орынға шақталған 3 балабақша тұрғызамын. Өйткені, мемлекет кәсіпкерлерге жақсы жеңілдіктер ұсынған әрі қаражатымды қайтаруға кепілдік берілген. Мен балалардың болашағы жарқын болса екен деп тілеймін. Ал оған жақсы тәрбие мен сапалы білімнің арқасында қол жеткізуге болады.

Жиналыста елдегі тұрақтылық, білім саласындағы өзгерістер, ұлтаралық татулық туралы айтылды.


Берік Қасен