Аптадағы маңызды жаңалықтар

Елбасы жолдауы қызу талқыға түсуде

Ал, тұрғындар үшін банктер «Қазақстандық ипотекалық компания» арқылы беретін несиелер субсидияланбақ. Әкімдіктер тарапынан «Тұрғын үй құрылыс банкі» салымшылары үшін де баспана салу жалғасады. Сондай-ақ, мемлекет басшысы жергілікті әкімдіктерге жеке тұрғын үй салуды дамыту үшін арнайы учаске бөлуді тапсырды.

Бұл бағыттағы жұмыстар Солтүстік Қазақстанда басталып кеткен. Осылайша 15 жылдың ішінде «Нұрлы Жер» бағдарламасы арқылы 1,5 млн қазақстандық баспанаға қол жеткізбек. Одан бөлек, Президент еліміздегі бизнестің дамуына тоқталды. Заманауи құрылғылар мен техникаларды көптеп пайдалану керектігін атап кетті.

Шыңғыс Ашамаев, «Ашамаев» ЖК жетекшісі:

– Жеке кәсібім бар. Полиэтилен пакеттер шығарумен айналысамын. Елбасы жолдауда жаңа технологияларды пайдалану керектігін атап кетті. Біз өз тауарымыздың сапасын арттырып, жұмыс күшін үнемдеу үшін техникалардың көмегіне жүгініп, заманауи құрылғыларды өндіріс барысына кірістіруіміз керек.

Райхан Абрахманова, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ СҚОФ директоры:

– Президенттің жолдауында мемлекеттік бағдарламаларға аса мән берілді. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы бір мыңнан артық адам баспана алып отыр. Тағы да «Нұрлы жер» бағдарламасы енгізіліп жатыр. Бұл арқылы кезекте тұрған көп тұрғынның баспанаға қолы жететін мүмкіндік тумақ.

 

Акбопе Танирберген