МТРА жаңалықтары

Теріскейліктер Елбасы үндеуіне қолдау білдіріп отыр

Саяси батыл қадам жасау арқылы Елбасы екі негізгі тармақтың міндетін теңестірмек. Яғни, мәжіліс және сенат депутаттары ұсынған заң жобасы министрлік өкілдерімен бірлесе қаралады. Айта кетейік, мұндай саясатты әлемнің Германия, Италия және т/б елдері ұстанады екен. Мемлекетті басқару жүйесіне ұсынылған жаңғыртуды солтүстікқазақстандықтар қолдайды. Жерлестеріміз жаңа заң жобасы бекітілсе еліміздегі демократиялық процесстің алға басарына нық сенеді.

Мақсат Кудратуллаев — Облыстық кардиологиялық орталықтың бөлiмше меңгерушiсi:

– 25 жыл ішінде еліміз біраз жетістікке жетті. Бірақ, әлі де даму қажет. Елбасының үндеуі халықттың әлеуметтік-экономикалық жағдайын нығайтуға арналған. Ел тұрғыны ретінде мен президенттің үндеуімен толық келесемін.

Павел Афанасьев – Петропавл қалалық мәслихатының депутаты :

– Біз – демократиялық елде өмір сүріп жатырмыз. Мұны әлі де дамыту қажет. Өйткені, мемлекеттік тұрғыны өзінің және қоғамда туындаған әр мәселенің шешілуне септесуі тиіс. Бұл ретте Елбасы дұрыс қадам жасады.

 

Байболат  Култанов