Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қызылжарлықтар Елбасы үндеуін талқылауда

Бұл құжат кеше-бүгін қабылдана қалған шешім емес. Бұл туралы осыған дейінгі тұғырлы 5 реформада да айтылған болатын. Сондықтан, конституциялық реформаны талқылаған қызылжарлықтар оның маңызы зор дейді.

Тілеубай Есжанов – Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары:


–  Бұл реформа өзінің маңыздылығы бойынша 1995 жылы қабылданған Конституциямен бірдей. Ол кездерде аяққа енді ғана тұрған еліміз үшін Ата Заңды бекіту үлкен шаруа болған. Соның арқасында бүгіндері Қазақстан дамыды. Ал мына құжат ендігі мемлекетіміздің дамуына серпін береді. Саяси жаңғырту 2 бағытта жүреді. Оның бірі Конситутциялық өзгерістер болса, екіншіден, бар заңнамалық актілерге толықтырулар енгізу. Яғни, бізге заман талабына сай даму қажет.

Жиынға қатысқан аға буын өкілдері Елбасының кез келген бастамасы осы күндері өз өміршеңдігін дәлелдеді деп отыр. Айталық, Президент елорданы Алматыдан Астанаға көшірерде, көпшілік оған сенімсіздікпен қараған. Десе де, қазіргі таңда жас астанамыздың гүлденуі сол кезде қабылданған шешімнің дұрыстығын көрсетеді. Сондықтан, Қызылжар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмағали Қожахметов Елбасының үндеуін қолдап, өз ұсыныстарын да әзірлеп қойған.

Жұмағали Қожахметов – Қызылжар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

 

– Бізде ардагерлер туралы заң жоқ. Ол еліміз үшін өте керек деп ойлаймын. Өйткені, ардагерлер зейнетке шығып, әрі қарай да мемлекетіміздің даму жолында еңбектенуді жалғастырады. Жастарды тәрбиелеумен жұмыс істейді. Заң қабылданса, ардагерлер ұйымдары қаржыландырылып, мүмкіндігі кеңейер еді. Тағы бұрынғы Кеңес үкіметінде сияқты халықтық бақылау бірлестіктерін құру қажет. Сонда жемқорлықпен күрес қарқынды жүргізіліп, мемлекеттік органдардың жауапкершілігі артар еді.

Жалпы халық Елбасы жариялаған үндеуді ақпанның 26-на дейін талқылайды.

Магжан Ахмадина