МТРА жаңалықтары

“Радуга” ЖШС қызметкерлері Елбасы үндеуіне қатысты пікірлерін білдірді

Бұл жаңашылдық мемлекеттік басқару жүйесінің жақсаруына оң әсер ететіні анық. Сол себепті, билік тармақтарының өкілеттіктерінің ауысуы – бізге қажет әрі маңызды өзгеріс дейді нұротандықтар. Бұл ретте партия мүшелері қазір өңір халқына Президент үндеуінің мәнісін түсіндіруде.

Артур Молдағұлов – “Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

– Реформа екі бағыт бойынша іске асады. Біріншісі, Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке, басқа да атқарушы органдарға беретін болады. Бұл салаға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауапты болмақ. Өкілеттіктерді беру тиісті заңдарды өзгерту арқылы іске асады. Екіншіден, билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді ету көзделеді.

«Радуга» ЖШС қызметкерлері Ата заңымызға енгізілетін мұндай өзгертулер елді жарқын болашаққа жетелейтініне сенім білдіруде.

Максим Большедворов – «Радуга» ЖШС бастауыш партия ұйымының төрағасы

 

– Жаңа реформа еліміздегі демократияның дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Сондықтан, мен Елбасы ұсынған жаңашылдықтарды қолдаймын. Қазір халық Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысын қызу талқылауда. Осы орайда, әрқайсысымыз Президент үндеуінің маңыздылығын түсініп, ой елегінен өткізуіміз қажет. Өйткені, бұл шешіммен біздің болашағымыз тікелей байланысты.

Мемлекеттік билік тармақтарының құзырын үлестіру сыртқы саясатқа, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс қабілетіне көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік ашады. Үкімет пен Парламенттің рөлі де едәуір күшейеді. Жиында бас қосқандардың ортақ ойы осындай.

Айгерім Ержанова