Спорт

Петропавлда аула клубтары арасында шағын футболдан турнир өтті

Вячеслав Гуменный – “Мяч” жастар қоғамдық ұйымының төрағасы:

– Бұл – биылға аула клубтары арасында шағын футболдан өткізіліп отырған екінші турнир. Негізі жыл сайынғы әрбір маусым барлығы 10 турнирден тұрады. Бүгін 12-18 жас аралығындағы ең үздік деген ойыншылар жиылды. Ереже бойынша командалардың қарсыластары жеребе тастау арқылы анықталады.

Сонымен, алаңда – “Адмирал” және “Қыран” құрамалары. Жас аяқдоп шеберлері турнирдің бірінші минуттарынан-ақ тартысты ойын көрсетуде. «Адмирал» командасының спортшылары қарсылас қақпаны дәл көздеп, қарқынды шабуылдармен екі голды қатарынан соқты. Алайда, бірінші таймның соңында “Қыран”-ның футболшысы бір гол салды.

Келесі таймда «Қыран» командасының ойыншылары таразы басын теңестірді. Қос құрама ойыншылары бір-бірден гол соғып, ойынды тең нәтижемен аяқтады. Есеп: 3 те 3.

Сырым Төлеухан – «Адмирал» командасының капитаны:

 

–  Қарсыласымыз осал болған жоқ. Ойынның соңына дейін бар күшімізді салдық. Жарыста біздің құрама жеңіске жетеді деген ойдамын.

Жарыс қорытындысы бойынша спортшылар кубок және грамоталармен марапатталмақ.

Айсулу Сергали