МТРА жаңалықтары

СҚО-дық диқандар тұқым алмастыруға баса назар салғаны жөн

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі:

– Елбасы Н.Назарбаев әрдайым ауыл шарруашылығында еңбек өнімділігін арттыру қажеттігін айтады. Бұл ретте шет мемлекеттермен бәсекелесіп отырамыз. Егер Қазақстан бойынша бір жұмысшының еңбек өнімділігі 1,3 млн теңге болса, біздің өңірде – 1,7 млн теңге. Бұл әлі де жеткіліксіз. Біз осындай жиындарда өзекті деген мәселелерді талқылап, көрсеткіштерді арттыра түсуіміз керек.

Былтыр теріскейлік диқандар 4 млн 400 мың гектар жерге ырыс дәнін сіңірді. Оның ішіндегі 108 мың гектар алқапты элиталық астық алып жатты. Аграрлы өңірдің жер емген шаруалары жоғары нәтижеге қол жеткізіп, егін шығымдылығын арттыра түсу үшін астық сұрыптарын алмастыру қажеттігін ескерген.

Айдарбек Сапаров: СҚО әкімінің бірінші орынбасары:

– Өңірдің тұқым шаруашылығымен айналысатын өндірушелері тұқым алмастыру тұрғысынан кешірек пісетін “Омбы -35”, “Астана-2” дәнектерінің орнына біздің ауа райына қолайлылығы басым, тез пісіп жетілетін «Омбы-36», «Астана» дәндерін қолдануды жөн көреді.

Бұл ретте біздің шаруаларымыз көршілес Ресейдің ауыл шаруашылығы саласының мамандарымен әріптестік орнатқан. «Аби-жер» серіктестігі былтырдан бері тұқым шаруашылығымен айналысуға жең түре кірісіпті. Көрші елдегі «Агроальянс» холдингінен 40 тонна элита санатындағы “Омбы-36” тұқымын сатып алып, одан 900 тонна өнім алған. Енді, оны өзіміздің диқандарға саудалағалы отыр.

Ертай Сәрсенбин, «Аби-Жер» ЖШС менеджері, СҚО:

– Біздің серіктестіктің аумағы 86 мың гектарды құрайды.Соның 30 пайызы дәнді дақылдар, ал қалғаны майлы дақылдар.

Биыл тұқым шаруашылығын қолдауға мемлекеттен 537 млн теңге қарастырылған. Сатып алынған сапалы тұқым астық көлемін айтарлықтай арттырып, сапасын да жақсартады.

Айдарбек Сапаров: СҚО әкімінің бірінші орынбасары:

– ҚР ауылшаруашылық министрлігінің мәлемтінше АӨК мемлекеттік бағдарламасын дамыту мақсатында 2017-2021 жылдары өсімдік шаруашылығындағы өнім көлемін 40 пайызға арттыру көзделген. Бұл ретте бидай алқабының үлесін 46 пайызға төмендетіп, майлы дақылдар аумағын – 17, жем-азық дақылдары аумағын 15 пайызға арттыру керек. Бұл үшін табиғи тыңайтқыштар қолдануды 16 пайызға көбейтпекпіз. Сапалы тұқымның да үлесі 3 пайыздан 10 пайызға дейін жоғарыламық.

Бидайды 25-ші мамырға дейін сеуіп үлгерсе уақытында пісіп, ерте жинап алуға болады, дейді ғалымдар. Бірақ, солтүстіктің ауа райы бұған мұрша бере бермейді. Бұл ретте диқандар жұмыс күшін арттыруы керек.

Жексенбай Қасқырбаев – А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми- өндірістік орталығының бас директоры, Ақмола облысы:

– Ауа райын ескеріп, егінді ерте себу жағын қарастыру қажет. Мүмкіндік болса, дән сіңіру шаруаларын мамырда аяқтауға тырысқан жөн. Егер егіс науқанын маусымның ортасына дейін созсақ, онда ерте, 80-85 күнде пісіп-жетілетін тұқымдарды еккен дұрыс. Және минералдық тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланған жөн.

Кейін, өңір жекшісі минералды тыңайтқыш өндіретін алматылық «Қазфосфат», ақтаулық «ҚазАЗОТ» серіктестерімен мемарандум жасасты. «Қазфосфат» ЖШС – Қазақстандағы ең ірі химия кәсіпорындарының бірі. Жылына 500 мың тоннадан артық фосфор тыңайтқыштарын шығарады. Солтүстік өңірі олардан өнім сатып алудан ел бойынша бірінші орында тұр. Былтыр 25 мың тонна көлемінде тыңайтқыш жеткізген кәсіпорын келісім бойынша теріскейді енді 70 мың тонна өніммен қамтымақ.

Мұқаш Ескендіров, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры, Алматы қаласы:

– Біздің қойған мақсатымыз биыл 17-ші жылы басқа жылдарға қарағанда 2-3 есе көп осы облыстағы шаруа қожалықтарына жеткізу. Бүгін бұд жөнінде мемарандумға қол қойды. Бізге де ыңғайлы. Экспортқа шығарғаннан қарағанда, өз қожалықтарымызды қамту.

Бұдан кейін өңір жетекшісінің бірінші орынбасары ресейлік тұқым және ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу орталықтарымен әріптестік жөніндегі меморандум жасасты.

 

Акбопе Танирберген