Спорт

СҚО-да құқық қорғау органдары арасында хоккейден турнир бастау алды

Анархан Дүйсенова, СҚО әкімі:

– Өткен жылы еліміз 25 жылдығын атап кетті. Бұл жылдарда полицейлердің де еңбегі жатыр. Бүгінгі турнир өңірдегі спорт дамуының биік деңгейін көрсетеді.

Кейін, мұз алаңына құрметті мейман ретінде шақыртылған ҚР ІІ министірінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаевқа ойынның шайбасы сыйға тартылды. Іле шала алғашқы ойын да басталды. Полицей формасын тастап, хоккей таяқшасын қолға алған тәртіп сақшылары алаңда.

– Мұз үстінде – Мағжан Жұмабаев ауданының тәртіп сақшылары мен уәлихановтық полицейлер. Қос құраманың да бәсекеге түпкілікті дайындықпен келгені көрініп тұр. Екеуі де бір-біріне есе жіберер емес, ойын тартыс-таласқа толы өтуде.

Көп күттірместен есеп те ашылды. Жасыл формадағы Уәлиханов аудандық ІІБ қызметкерлері қарсыластарының қақпасына екі шайба дарытты. Команданың ойыншысы Болатхан Жаңбыршиннің құқық қорғау органында еңбек еткеніне 9 жыл болыпты. Әріптестерімен бірге жұмыстан тыс уақытта спортпен айналысуды әдетке айналдырған.

Болатхан Жаңбыршин, Уәлихан аудандық ІІБ полицейі:

– 2007 жылы АІІБ жұмысқа тұрдым. Тергеу изоляторында, кейін учаскедік полицей болдым. Уәдиханов аудандарының тұрғындары мен бірге жиі хоккей, волейбол ойнап тұрамызю

Есеп 4-1. Ойын уәлихановтардың пайдасына шешілді. Хоккейден құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасындағы турнир екі күнге созылмақ.

 

Акбопе Танирберген