Денсаулық сақтау

СҚО-да 417 әйел жатыр мойны обыры бойынша тіркеуде тұр

Жатыр мойны рагы әйелдердің жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктерінің арасында кездесу жиілігі бойынша бірінші орында тұр. Көбіне 40-50 жастағы әйелдерде көп кездеседі. Бүгінгі күні облыстық онкологиялық диспансере жатыр мойны обыры диагнозымен 417 әйел тіркеуде тұр. Оның 49-ы 2016 жылы анықталған. Аурудың 80 пайызы – 1-2 кезеңіндегілер.

Ирина Астанина, Облыстық онкологиялық диспансердің онко-гинеколог, маммолог дәрігері:

– Жатыр мойны обыры – ұзақ уақыт бойы жайлап ұлғаятын қатерлі ісік. Жатыр мойны – көзбен қарап, нақты тексеруге болатын орган. Бұлайша оның – обыр алды, безді және ерте кезеңдегі обыр екені анықталады. Әйелден аталмыш қатерлі ісік анықталған алғашқы жылы – үш ай сайын, екінші жылы алты айда бір рет, үшінші жылы жылына бір рет бізге келіп, ем қабылдап, сринингтен өтіп тұрады.

Жыл басталғалы аудандар мен мен қала бойынша нәзікжандылардан жатыр мойына обырын анықтау мақсатында 360 сарапатама алыныпты. Барлығы облыстық онкологиялық диспансердің осы лабораториясында заманауи аппараттардың көмегімен зерттеледі. Бір қуаныштысы, биыл теріс нәтиже көрсеткен анализ әлі тіркелмеген. Жалпы қазіргі күні жыныс жолы қатерлі ісігі сәулелік және аралас терапия мен хирургиялық емдеу әдістері бойынша емделеді.

Ирина Астанина, Облыстық онкологиялық диспансердің онко-гинеколог, маммолог дәрігері:

– Жатыр мойны обырының пайда болуының негізгі себебі – адам паппиломасы вирусы. Ал, келесісі – химиялық заттар арқылы. Яғни, мұндай жолмен ДНК клеткаларында мутация пайда болады. Тұқым қуалаушылықпен де таралып жатады. Жалпы жыныстық қатынасқа ерте түсу, шылым шегу, төсектегі серіктесті жиі ауыстыру, гормонолдық препараттарды қабылдаудың соңы да қатерлі ісікке алып келеді. Әсіресе, отыз жастан асқан нәзікжандылардың жиі гинеколог маманға қаралып тұрғаны дұрыс.

Нәзіжандыларды жатыр мойыны обыры бойынша скринингтен өткізу үшін мемлекет тарапынан қаржы бөлінеді. Оның есебінен 30-дан асқан әйел әр он жыл сайын тексеріліп тұрады. Асқындырып алған келіншекті ақ халаттылар да құтқарып қалмауы мүмкін. Бұл жайында кеңінен біліп, тексерілгісі келетін қыз-келіншектер үшін 28 қаңтар күні 9:00-ден 13:00-ге дейінгі аралықта облыстық онкологиялық диспансерде ашық есік күні өтеді.

 

Акбопе Танирберген