МТРА жаңалықтары

СҚО ата-аналардың алимент бойынша қарыздары шамамен 120 млн теңгеге жеткен

Ол 10 жылдан бері баласына тиісті соманы төлемей жүр екен. Бүгінде оның қарызы 1 млн теңгеден асқан. Қазір 40-ты маңайлаған Владимир екінші отбасымен тұрады. Бірақ, сот орындаушылары бұл жолы да оны үйінен таппады.

– Дома никого нет, только я, мама с папой на работе.

Ал мына үйде Александр Волохов тұрады. Бүгінде ол да тасбауыр әкелер тізіміне іліккен. Ер адам қазір 14-тегі баласына 967 мың теңге берешек. Қызы бүгінде патронаттық тәрбиеде, ал бұрынғы әйелі қайтыс болыпты. Азамат алимент төлеуден жалтарып жүрген жоқпын. Тек қазір тұрақты жұмысым жоқ деп ақталуда.

Александр Волохов:

– Мені жұмысқа ешкім алмайды. Өйткені, туберкулез ауруына шалдыққанмын. Енді қатерлі ісік те қосылды. Қазір химиялық ем алып жүрмін. Қызыма алимент төлеуден бас тартып жатқаным жоқ. Тек табыс табатын жер болса ғой.

Егер де тасбауыр әкелер алимент төлеуден дәл осылай жалтарып жүрсе, онда ең алдымен олар бірнеше рет әкімшілік, кейін қылмыстық жауапкершілікке тартылады дейді мамандар.

Марал Жакушева – СҚО әділет департаментінің алименттік төлемдерді өндіріп алу бойынша сот орындаушысы:


–  Ең алдымен алимент төлеуден жалтарып жүргендерге ел шекарасын асуға тыйым салынады. Сонымен қатар, сот шешімімен олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тиісінше, тасбауыр әке-шешеге 10 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Бұдан бөлек, жүргізуші куәліктерінің де жарамдылық мерзімі бірден тоқтататылады. Бүгінде Петропавлда мұндай 22 іс тіркелді.

Қазір сот орындаушыларының өндірісінде 2300-ге жуық құжат жатыр. Оның 310-ы алиментті мүлдем төлемей жүргендер. Бүгінде тасбауыр әке-шешелердің қарызы 120 млн теңгеге жуықтап қалған.

Айгерим Ержанова