МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандықтар Елбасы үндеуін талқылауда

Нұрсұлтан Назарбаев – ҚР Президенті:

– Құрметті қазақстандықтар!Сіздердің назарларыңызға еліміз үшін аса маңызды, тағдырлы мәселені ұсынбақпын.Бұл – Конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу.Біздің алдымызда билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу міндеті тұр.Қазір заманның дидары өзгерді.Біз де өзгеруге тиіспіз.Сол себепті, мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез келді.

Мемлекет басшысы билік тармақтарын үлестіру барысында 40-қа тарта президенттік құзыреттің Парламентке және Үкіметке берілетінін мәлімдеді. Әзірге, бұл конституциялық реформалардың жобасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жалпыхалықтық талқылауға ұсынды. Өңір депутаттары аталған өзгерістер – мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттырады деп отыр. Бірақ, ең алдымен бұл жаңашылдықтардың маңыздылығын халыққа түсіндіру қажет.

Гүлбақша Мұсабаева – облыстық мәслихаттың депутаты:

– Бұл үндеуді, Президенттің ұсынысын талқылау бір ай бойы жүргізіледі. Осы уақыт аралағында біз халыққа жаңажыл реформаның маңыздылығын дұрыс түсіндіруіміз қажет.

Елбасының үндеуі ел үшін маңызды. Өйткені, ұсынылған жаңа реформа – Қазақстанның демократиялық дамуына ықпал етпек дейді депутат Ғафура Бөстекова.

Ғафура Бөстекова – облыстық мәслихаттың депутаты:

 

– Елбасы ұсынған конституциялық реформа – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына зор ықпал ететіні сөзсіз. Мемлекеттің жаңа басқару формасы күрделірек болмақ. Сол себепті, бұл мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда ауызбіршілігімізді танытып, бірге жұмыла жұмыс істеу қажетпіз.

Айту керек, конституциялық реформалардың жобасын талқылау ақпан айының 26-на дейін жалғаспақ.

Айгерим Ержанова