МТРА жаңалықтары

Өңірде аэрациялау жұмыстары жүргізілуде

Мамандар осылайша мұзға бірнеше жерден ұңғыма жасап, балықтарға оттегінің түсуін қамтамасыз етеді. Мамлют ауданындағы Үлкен Марушкино көлінде аэрация жұмыстары күн жылынып, мұз еріген уақытқа дейін жүргізіледі. Афонькино елді мекенінен 3,5 шақырымда орналасқан су қоймасының аумағы 90 гектарды, ал тереңдігі 4 метрді құрайды. Мұнда негізінен мөңке, тұқы сынды балықтар мекендейді. Биыл өзеннің бетіне қалыңдығы шамамен – 50-60 см мұз қатыпты. Балықтарды оттегімен қанықтыру үшін мұнда 5 ойық жасалған.

Тоғжан Ақмағамбетова,тілші:

– Биыл балықтарды тіршілік көзімен үшін “Марушкино” көлінде осы желдеткішті орнатып отыр. Бұл құрылғының ерекшелігі бар. Ол желден қуат алып, су астына ауа жібереді.

Бір қызығы, бұл құрылғы қолдан жасалынған. Оны құрастыруда 4 метрлік қайың бөренелері мен 2 бөшке және темір пайдаланылған екен.

Александр Ленив – Үлкен Марушкино көлін жалға алушы:


–  Бұл аспаптың ағаш бағаналарын біз күзде, яғни су қатпай тұрып алдын ала орнатқанбыз. Содан соң, міне қаңтар айының басында оны басқа аспаптармен біріктіріп, құрастырдық. Оған 1 аптадай уақыт жұмсалды. Қалтамыздан шығын шыққан да жоқ, қолда бар дүниелерде жарап қалды. Өте үнемді.

Негізі қазір қаңтар айының басынан бастап облысымыздағы 40-тан астам көлде аэрациялау шаралары жүргізіліп жатыр. Жалпы теріскей аумағында 426 көл болса, оның 221-сі тұрғындарға ұзақ мерзімге жалға берілген екен.

Жаслан Саулембеков – СҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім бас маманы:

– Биылғы жылдың ерекшелігі тұншығуға қарсы іс- шараларды ерте бастадық. Балықтың қырылу қаупін алдын алу үшін. Қазіргі уақытта аэрация шаралары жүргізілмесе, көктемгі уақытта тұншығу болуы мүмкін. Әзірге, ондай фактілер тіркелмеді.

Айта кетсек, аэрациялау жұмыстары наурыз айының соңына дейін жалғасады деп жоспарлануда.

Тоғжан Ақмағамбетова