МТРА жаңалықтары

Петропавлда холокост құрбандарын еске алды

Фашистер оларды жақын маңдағы шахтаға топ-тобымен айдап апарып, өртеп жіберді. Осылайша еврейлердің тұтас әулеттері туған-туыстарымен қырылып қалды». Бұл Светлана Эскинаның есінде қалған, анасы айтқан естілігі. Соғыс жылдарында зейнеткер бес жасқа толмаған бала екен.
Бүгін жиын барысында мұндай естеліктер мен тарихтың ақтаңдақтары молынан айтылды.

Борис Самусев, Петропавл гуманитарлық техникалық колледжінің тарих пәні оқытушысы:


– ҰОС жылдары біздің елдің азаматтарына да көп шығын келді. 27 млн адам қаза болды. Ал, өзге халықтар шығыны, тіпті көп. Бұл соғыста әр төртінші беларус, әр алтыншы поляк өлді. Барлық еврей халықтарының жартысы өлім құшты. Әсіресе, Германиядан ұлтшылдар көшірген еуропалық еврейлер көптеп көз жұмды. Холокост оқиғасын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, орны толмас оқиға. Тарихта түгелдей бір ұлтты жойып жіберуге аз қалған мұндай жағдайлар көп.

Еврейлер концлагерлерге көптеп айдалды. Кейін олардың барлығын бір күнде өртеп жіберген. Бұл қанды оқиғаның холокост деп аталу мәні осында. “Холокост” оттың көмегімен құр­бандыққа шалу деген ма­ғы­на­ны білдіреді.

Светлана Макаровская, Солтүстік Қазақстан облыстық еврей мәдени орталығының мүшесі:

– Барлығы ҰОС кезінде болды ғой. Қасақана өртелген еврей ұлтының саны 6 млн дейді. Тарихшылар бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады. Соғыс отын жаққандар, тіпті, әскерилер де емес, қарапайым адамдар жазықсыздан-жазықсыз жан құшты.

1944 жылы маусымның бірінде 46 мың еврей өртелген екен. Мұндай жаппай қыру салдарынан бір ұлттың жер бетінен түгелдей жойылып кетуі де мүмкін еді. Бүгінде еврейлер жазықсыз ажал құшқан холокост құрбандарын жыл сайын қаңтардың 27-де еске алады.

Акбопе Танирберген