Спорт

Облыс орталығында тоғызқұмалақтан мектепаралық жарыс өтті

Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Әр ойыншының қанжығасында 81 құмалақ бар. Оны қазандығына ең көп жинаған адам жеңімпаз ретінде танылады.

Ұлттық ойынның бұл түрі қазіргі таңда үлкен-кіші арасында үлкен танымалдылыққа ие. 11 жасар Олжас Темірғалиев те тоғыз құмалақты сүйіп ойнайтындардың қатарында. Компьютерлік ойындарға әуестенгенше, осындай ұлттық ойындарды дәріптеген жөн дейді жас спортшы.

Олжас Темірханов – жарысқа қатысушы:


–  Мен тоғыз құмалақты 3-ші сыныптан бері ойнаймын. Алғашқы қарсыласымды жықтым. Бірінші орын аламын деген ойдамын.

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен ұйымдастырылған мектепаралық жарысқа 10 оқушы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Әзірге, 4 білім ошағын қамтыған дода жақын арада қалалық деңгейде өткізілмек.

Шәрбән Таймуллина – “Білім” бастауыш партия ұйымының төрайымы:


–  Жарысқа қатысып отырған әр мектеп қабырғасында тоғызқұмалақтан үйірме бар. Дене шынықтыру мұғалімдері балаларды бұл ойын түрін үйретіп, баулиды екен.

Жарыс жеңімпаздары диплом және кубоктармен марапатталды. Айта кеткен жөн, алдағы уақытта қазақ халқының басқа да ұлттық ойындарын облыстық деңгейге көтеріп, дамыту көзделуде.

Эльмира Сәдуақасова