Мәдениет

Облыс орталығында қалалық вокал байқауы өтті

Бағын сынаушылардың қатарында сегіз жасар Нұрәлі Қаббас та бар. Академиялық вокалды меңгеріп жүргеніне 3 жыл болған. Ән додасына ұзақ дайындалған өнерпаз бүгін бірінші орыннан үмітті.

Нұрәлі Қаббас – байқау қатысушысы:

– Мен ән айтумен 1-ші сыныптан бастап айналысамын. Бүгін байқауда «От чего, почему» әнін орындаймын. Менің мақсатым – бірінші орынды иелену.

«Әсем ән қанатында» атты академиялық вокал байқауы осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Бүгін де дәстүрлі шараға қаламыздан 20 күміс көмей әнші жиылған. Олар кіші, орта және ересек топтарға бөлініп, үш жас ерекшелігі бойынша өзара сынға түседі.

Ирина Маркина – №1 өнер мектебі директорының тәрбие және оқу жөніндегі орынбасары:

 

– Академиялық вокал басқа өнер түрлерінен әлдеқайда күрделірек. Әншілер арасында аса кең таралмаған. Сол себепті, байқауды өткізудегі мақсатымыз – дарынды балаларды академиялық вокалға бейімдеу.

Жалпы №1 өнер мектебінде 60 оқушы академиялық вокалмен айналысады. Жақын арада олар Ресейде өтетін “Сібір жұлдыздарды жағады” атты халықаралық байқауда өнер көрсетпек.

Эльмира Сәдуақасова