МТРА жаңалықтары

Өткен жылы өңірде діни бағыттағы даулар болған жоқ

Мұратбек Зейнуллин – СҚО дін істері басқармасының басшысы:


–  Барлық кінәлілер ҚР Әкімшілік Кодексіне сай жазаланды. Жалпы біздер үнемі алдын алу жұмыстарын өткіземіз. Әсересе, түзету мекемелерінде отырған жандармен бұл шаруа қарқынды жүргізіледі. Өткен жылы 50-ден астам кездесу ұйымдастырдық. Соның арқасында 12 адам дәстүрлі исламның жолына тұрса, тағы 16 азаматқа психологиялық кеңес берілген. Жалпы діни терроризм мен экстремизм жасап абақтыдан отырғандардың арасында солтүстікқазақстандықтар жоқ.

Бір қуантарлығы, Таяу Шығыста болып жатқан қақтығыстарға қатысқандардың арасында да солтүстікқазақстандықтар жоқ. Тағы өңірде алыс және жақын шетелден тіркелген 42 миссионер жұмыс істейді.

Мұратбек Зейнуллин – СҚО дін істері басқармасының басшысы:

– Олар осында ресми түрде тіркелген діни бірлестіктердің қарамағында жұмыс істейді. Олар куәлік алады. Кейін олар тек діни нысандарда ғана жұмыс істейді. Басқа жерде жұмыс істесе, біздің заңға қайшы келіп, тәртіпке шақырылады.

Жалпы өңірде 173 діни нысан бар.

 

Мағжан Ахмдаина