Денсаулық сақтау

Биолоигиялық белсенді қоспалар құрамы тесерілуде

Арнайы химия-биологиялық талдау зертханасында өнімнің құрамындағы зиянды заттар анықталып, талапқа қаншалықты сай екендігі зерттелінеді. Биыл бұл үшін республикалық бюджеттен 3,5 млн теңге бөлінген. Ай сайын оның 293 мың теңгесіне сатып алу жұмыстары жүргізіледі. Былтыр сәуір және қазан айларында өңір аудандары мен қаладағы дәріханаларында саудаланып жатқан биолгиялық белсенді қоспаларға анализ жасалыпты.

Наталья Беляева, СҚО тұтынушылар құқын қорғау департаментінің бөлім меңгерушісі:

– Барлығы биологиялық белсенді қоспалардың 68 сынамасы сатып алынды. Оның ішінде ара өсіруге, өсімдіктер мен дәнді-дақалдарға және табиғи минералдардың орнын толтыруға арналғандары бар. Олар Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарындағы тұтынушылар құқығын қорғау департаменттерінде тексерілді. Нәтижесінде тауардың көгеріп кетуі мен құрамында қопсытқыш заттардың шамадан көп болу жағдайлары тіркелді.

Талапқа сай емес тауарлар Есіл ауданынан сатып алыныпты. Жарамсыз сұлы жармасының дәні мен шипалы шөп сынды өсімдік негізіндегі биологиялық белсенді қоспаларды Шымкенттегі «Фито-Зерде» ЖШС өндірген. Кейін 290 дана тауар өндіріс орнына қайтарылып, айналымнан алынып тасталған. Мұндай қоспаны сатып аларда өнімнің шығарылған мерзімі мен кедендік одақтың регламентіне сай екенін білдіретін белгіге көңіл аудару керек.

Айнаш Шабарова, СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаменті бөлімінің бас маманы

– ҚР көлемінде және Еуразия экономикалық одақ аясында тіркелмеген тауарларға жарнама жасауға тиым салынған. Сатып алушы оның құрамында барлық заттар жайлы ақпарат алуға құқылы. Тұтынушы үшін түсніксіз әрі зиян заттар болмауы керек. ББҚ-тарды дәрілік заттармен салыстыру да дұрыс емес. Біз мұның барлығын қадағалаймыз.

Ел аузында «БАД» деп аталып кеткен биологиялық белсенді қоспаларды соңғы уақытта тұтынушылар дәстүрлі дәрі-дәрумендермен қатар ішіп жүр. Дәріханалар мен маркетингтік жүйе арқылы сатылымға түседі. Ғаламторда да жарнамасы озып тұр. Тұрғындар ағзаны жақсартуға жақсы деп жиі қабылдайды, іздеп жүріп сатып алады. Бірақ оның талапқа қашлақты сай екеніне көңіл бөлетіндері аз.

– Мен биологиялық белсенді қоспаларды 8 жылдан бері қолданамын.Тағам құрамын байытады. Аурудың алдын-алу мен ағзаның жалпы жағдайын жақсартуға көп әсерін тигізеді. Еш зияны жоқ, қапталған мерзімі дұрыс болса ала беремін.

– Өзім ондай қоспаларды қолданбаймын. Себебі, өз денсаулығыма алаңдаймын. Дәрігер нұсқаулығынсыз ештеңені ішпеуге тырысамын.

Солтүстік Қазақстанда 2016 жылы 192 жеке кәсіпкерліктің тауарлары тексерілген. Нәтижесінде, өнімдері санитарлық және тұтынушы талабына қарама қарсы келетін кәсіпкерлерге 13 млн теңгеден артық айыппұл салынған.

Ақбөпе Тәңірберген