МТРА жаңалықтары

СҚО мәслихаттың сессиясы өтті

Бұл талап өткен жылы Елбасы жарлығымен бекітілген болатын. Ведомсво басшысы Қанат Айтбаевтың мәліметінше, былтыр алдын алу шараларына басымдық берілген. Нәтижесінде облыс аумағында аса ауыр қылмыстар саны, мал-мүлікті ұрлау фактілері айтарлықтай азайыпты. Бұл көрсеткішке тұрғындармен жүйелі жұмыс жасау да оң нәтижесін беріп отыр. Өткен жылы учаскелік полиция инспекторлары өткізген жиналысқа 50 мың адам қатысқан. Қылмыстарды азайтуда материалдық-техникалық базаның да көмегі зор. Былтыр осы мақсатқа облыс бюджетінен 320 млн тг бөлінді.

Қанат Айтбаев – СҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы:


– Өңірімізде барлық қылмыстар бойынша көрсеткіш 10 пайызға төмендеді. Аса ауыр қылмыстар саны – 18, адам өлтіру – 6, зорлау 44 пайыз, ұрлық – 7, мал ұрлау – 40, автокөлікті тонау 43 пайызға кеміді. Біз алдын алу шараларын жүйелі жүргізудің арқасында осындай оң нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз.

Былтыр өңірде 138 әкімшілік құқықбұзушылық тіркеліп, тұрғындарға салынған айыппұлдар сомасының 73 пайызы облыс қазынасына түсті. Осы жерде жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Айтбаев,
қоғамдық тәртіпті күшейту үшін жергілікті бюджеттерден қаражат қарастырылып отырса деген өтінішін білдірді. Бұл ұсынысты депутаттар қабылдап, хатамаға енгізді. Жалпы халық қалаулылары Қанат Айтбаевтың жұмысына оң бағасын берді.

Кейін балғындарға мектепке дейінгі білім беру мәселесі қаралды. 2017 жылы облыс орталығында балабақшамен қамту көрсеткішін 98 пайызға көтеру жоспарланған. Осыған орай бейінді ведомсво басшысы Шолпан Каринова шаһарымызда жүзеге асырылатын 2 жоба депутаттар тарапынан қолдау тапса дейді.

Шолпан Каринова – СҚО білім басқармасының басшысы:

– Келешекте “Береке” ықшам ауданындағы 140 орындық және Жәлел Қизатов көшесінде 90 орындық балабақша тұрғызу жоспарда бар. 2 жобаны мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырмақшымыз.

Кейін облыс аумағындағы қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жөніндегі шешімге жаңа түсініктер енгізілгендігі жайлы ақпарат берілді. Онда жануарды қинамай, ізгілік әдістермен жансыздандыру туралы айтылған. Кейін облыстық әкімдік жанындағы бірнеше комиссияның дербес құрамы бекітілді.

Берік Қасен