Ауыл шаруашылығы

Өңірде көктемгі дала жұмыстарына дайындық қызу жүруде

Негізі бұл жұмыс қардың қалыңдығы 12-15 см-ге жеткенде, бір қыста 2-3 рет жүргізіледі екен. Аталған маңызды науқан Есіл ауданында желтоқсан айынан бастау алыпты.

Ермек Түменбаев – Есіл ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:

– Жоспар бойынша биылғы ылғал сақтау науқанында біздің ауданда 149,9 гектар жерде қар сақтау жұмысы жүргізіледі. Бүгінде бұл жұмыс 17,6 мың гектар алқапта атқарылуда. Ол үшін 172 бірлік техника жұмылдырылған.

Көктемгі егістік жұмыстарына дайындық Есіл ауданында қызу жүруде. Қазір мұнда алқаптардан бөлек, техникаларды да егін егу науқанына әзірлеу үстінде. Ол үшін ауданда 16 машина-трактор шеберханасы бар.

Дала жұмыстарына әзірлік «Атамекен-Агро-Корнеевка» серіктестігінде де жүргізілуде. Бүгінде 12 жыл бұрын құрылған агроқұрылымда 16 мың гектар алқап бар. Өткен жылы егін жинауды олар қыркүйек айында аяқтаған. Енді қазір көктемгі жұмысқа дайындық үстінде. Мәселен, дәл қазір мына жерде комбайн, тарктор және Камаз көліктері жөнделіп жатыр.

Николай Бабак – «Атамекен-Агро-Корнеевка» ЖШС директоры, Есіл ауданы:


–  Бүгінде техниканың дені дайын. Қазір бұл жерде 2 комбайн мен 2 Камаз және тракторлар жөнделу үстінде. Бұл жұмыстарға шамамен 30 шақты адам қатысады. Оның 24-і – механизатор.

Биыл есілдіктер көктемгі дала жұмыстарына 1209 трактор мен 1155 себу машинасын және 73 себу кешенін тартуды жоспарлап отыр. Қазір егін егу науқанына олардың 73%-ы дайын. 2017-ші жылы аталған ауданда шамамен 287 мың гектар жерге 30 мың тонна дәнді дақыл мен 1600 тонна майлы дақыл себіледі деп күтілуде.

 

Айгерім Ержанова