МТРА жаңалықтары

СҚО статистика департаменті өткен жылды қорытындылады

Өткен жылдың қараша айымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1 пайызға көтерлген. Орта есеппен алғанда азық-түлікке солтүстікқазақстандықтар – 11 831 теңге, ал ақылы қызмет түрлеріне 7 888 теңге шығындайды екен. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің бесінші бөлігі ет пен балыққа және одан екі есе аз көлемде жеміс-жидектерге жұмсалған. Сонымен қатар, аталған соманың 16%-ын тұрғындар сүт пен май және жұмыртқаға, ал бұдан қалғаны, яғни 3%-ын дәмдеуіштер мен шай алуға ұқсатқан. Былтыр азық-түлік құны 9,6 пайызға өсті. Бұл келеңсіздік биыл да жалғасуда. Тауарлар мен қызметтердің қымбаттауы салдарынан қалтамызға салмақ түсіп жатыр дейді тұрғындар.

– Жұмыртқа, еттің бағасы өсті. Бұл уақытша қиындық деп есептеймін. Экспо көрмесінен кейін барлығы түзелетін шығар.

– Зейнетақы мен бала туылуына байласыты жәрдемақы көтеріліп еді артынша азық-түлік пен бензин бағасы шарықтап кетті.

2016 жылы облыстағы өнеркәсіп кәсіпорындары 191 млрд теңгенің өнімін шығарыпты.

Қуанышбек Қалижанов – СҚО статистика департаменті басшысының орынбасары:

– Облыс экономикасын айқындайтын ауыл шаруашылығында 416,7 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Өсімдік шаруашылығында 296 млрд теңгенің өнімі өндірілді.

Бүгінде барлық тауар түрлері мен ақылы қызметтердің бағасы көтеріліп жатыр. Алайда өңірдегі орташа айлық сол күйінде қалып отыр. Әдеттегідей ең төменгі еңбекақыны ауыл шаруашылығы саласының мамандары алады. Олардың жалақысы 60 мың теңгеден аспайды.
Қазіргі таңда әлеуметтік сала басты орында. Соңғы жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 3,9 пайызға төмендеген.

Қуанышбек Қалижанов – СҚО статистика департаменті басшысының орынбасары

– 2016 жылы облыс аумағында халық қаражаты есбінен 80 509 шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бюджет қаражатыесебінен 48 626 шаршы метр, кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен – 20 959 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа тапсырылды.

Былтыр шағын және орта кәсіпкерлік саласында 100 мың адам жұмыспен қамтылыпты.

Берік Қасен