Спорт

“Қызыл-Жар СК” ФК сапына жаңадан 12 футболшы қосылмақ

Жас спортшының өңірдің намысын қорғап жүргеніне биыл 2 жыл толыпты. 20 жастағы Карам бұрындары еліміздің “Ордабасы”, “Бәйтерек” сынды белді командаларының сапында өнер көрсеткен. Бүгіндері футболшыға ұлттық құрамада ойнауға шақырту келіпті. Әзірге, бүкіл ұжымның алдындағы меже – Жоғарғы Лигадан көріну.

Карам Сұлтанов – “Қызыл-Жар СҚ” ФК қорғаушысы:

– Высший Лигаға шығу – басты мақсатымыз. Осы жылы шығуға ниеттіміз. Көбісі қазір жаңадан келген балалар. Барлығы жақсы. Келесі жылы высшая лигаға шығамыз деген ойдамын.

Қазіргі уақытта жергілікті футболшылар жаңа маусымға дайындықтарын бастап кетті. Олар күніне 2 рет жаттығу өткізеді. Таңертен физикалық мүмкіндіктерін арттырса, кешке техникалық шеберліктерін шыңдайды.

Яғни, жүгіріп, түрлі дене шынықтыру жаттығуларын жасайды. Солтүстікқазақстандық ұжымның бас бапкері Владимир Фомичевтің айтуынша, биыл жергілікті құрама сапына 12 футболшы қосылмақ. Сондықтан, алдағы маусымда жеңіске жету үшін әлі де жаттығуды арттыру керек дейді.

Владимир Фомичев – “Қызыл-Жар СҚ” ФК бас бапкері:

– Осы жылы біздің құрама жасағына жаңадан футболшылар қосылмақ. Бұрынғы ойыншылардан тек 10 ойыншы қалды. Көбі отбасы және өздерінің жеке жағдайларына байланысты басқа құрамаларға ауысты. Алдағы уақыттарда оқу-жаттығу жұмыстарын Ресейде өткізбекпіз. Бұл да команданың келер маусымдағы ойындарда жеңіске жетуі үшін сеп болмақ.

Айта кетсек, жергілікті құрама қаңтардың 25-сы күні Омбы қаласына оқу-жаттығу жиындарына жол жүрмек. Онда ресейлік футбол командаларымен ақпанның 5-сіне дейін ойындар ойнап, тәжірибе алмасады.

Тогжан Акмагамбетова