МТРА жаңалықтары

Петропавлда ХҚКО-ның көшпелі тобы қызмет көрсетуде

Петропавлда орналасқан мұндай 10 пунктке 20 кеңесші маман жұмылдырылған. Олар тұрғындарға электрондық үкімет порталында онлайн тіркелу бойынша кеңес беруде. Нәтижесінде 15 петропавлдық уақытша тіркеуге тұрыпты.

Серік Бейсенов – “Азаматтарға арналған Үкімет” МК КЕ АҚ СҚО бойынша филиалы “ХҚКО” департаменті директорының орынбасары:

– Бүгінгі күні мобильдік халыққа қызмет көрсету орталықтары Тайга, Семейный, Карона, Рахмет сауда үйлерінде, СҚМУ-де құрылды. 10-20 адам жұмыс жасап жатыр. 10 жерде 85 кеңес көрсетіліп, 35 эоектронды қол берілді. 15 адам уақытша тіркеу бойынша қызмет алды. Бүгінгі күні 6-шы қаңтардан бастап ХҚКО фронт офистерінде 10 мың адам қызмет алды, уақытша тіркеуге тұрағаны 5 мыңнан артық. Бұл СҚО бойынша мәлімет.

Мұның барлығы халыққа қолайлы болу үшін ойлап табылған амал дейді, Серік Бейсенов. Көшпелі молбильдік топтың қызметі
ХҚКО-да кезекті санын қысқартуға септесуі тиіс. Солтүстік Қазақстанда тіркеуге тұрамын деп құлшынғандар саны көп болмаса да мұндай шаралар есебінен орталықтың жұмысы жеңілдемек. Айта кетейік, бүгін көшпелі мобильдік топтың көмегі арқылы 85 адам кеңес алған.

– Бұл тұрғындар үшін, әсіресе қарттар мен студенттерге ыңғайлы. ХҚКО-на барып ұзын сонар кезекте тұрмайсың.

– Дүкенге сауда жасауға келіп, уақытша тіркеуге тұратын мүмкіндік бар. ХҚКО-на барып уақытыңды шығындамайсың да.


–  Құптаймын. Қариялар, сырқат жандар кезек күтіп тұра алмайды. Оған арнайы уақытыңды арнауың керек. Ал, мұнда барлығы тез. Үйіме де жақын.

Көшпелі мобильдік топ сағат 10:00 мен 18:00 аралығында қызмет көрсетеді. Ал, Әуезов көшесінде орналасқан ХҚКО таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін, 12 сағат бойы жұмыс жасайды. Жексенбі күні 15:00-ге дейін тұрғындарға есігі ашық.

Акбопе Танирберген