МТРА жаңалықтары

3-ші ақпаннан “Петропавл-Қызылорда” поезды жүреді

Ақбөпе Тәңірберген, тілші:

– Петропавл-Қызылорда бағытындағы жүрдек поезд ақпанның үшінен қатынай бастайды. Бұл жаңалыққа алғашқы болып өңірде “Серпін-2050” бағдарламасымен оқып жатқан студенттер қуанды. Бүгінде Солтүстік Қазақстанда оңтүстік өңірдерден келген 1000-ға жуық ұл-қыз білім алуда. Оның жартысына жуығы – қызылордалықтар.

Сапарәлі Мекембаев М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжіне биыл түсіпті. Алғашқы демалысына шыққан студент жақында Қызылордада тұратын әке-шешесіне барып келді. Петропавлдан тікелей поезд болмағандықтан, үйіне жеткенше әр қалаға бір соғып, көліктен-көлікке отырып сенделіп қалғанын жасырмады. Енді, екі қала арасында еш қиындықсыз қатынайтын болады.

Сапарәлі Мекембаев, М.Жұмбаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің студенті:

Бұрын Астанаға дейін жетіп, кейін Алматыға биоет алатынмын. Ал, үйіме сол жақтан тасимен жітеп жүрдім. Бұл үшін толық бір степендиям кетті.

Қызылорда, Тараз, Шымкент. Енді оңтүстіктің бұл қалаларынан солтүстікке тікелей қатынайтын мүмкіндік бар. Жаңа бағыттың ашылуы екі жыл қаралған. Көкшетау-Қызылорда бағытында қатынайтын 056 поезд енді Петропавлдан жүретін болды. Мәселе биыл шешімін осылай тапты. Транспорт қаладан әр тақ күні сағат … шығады. Плацкарт вогондардағы орын құны 7700 теңге болса, купе 12 000 мың теңге тұрады.

Мереке Дәулетбаев, СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

– Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің бастамасымен “Қазақстан темір жолы” ҰК мен “Ресей темір жолы” АҚ бірігіп Петропавлдан Қызылордаға дейін тікелей бағыт ашылып отыр. Бұрын бұл поезд Көкшетаудан жүретін. Енді Петропавлға дейін ұзартылды. Бұл теріскейліктерге де, қызылордалықтарға да өте тиімді болмақ.

056 поезд Петропавлдан бірінші рет ақпаннның 3-і күні жүреді. Билеттері қазірден сатылып жатыр.

Ақбөпе Тәңірберген