Теріскейлік жастар еліміздің белгілі ақындарымен кездесті

МТРА жаңалықтары

13:41 19 Қаңтар 2017

Сондықтан болар жастар Бауыржан Қарағызұлы және Ерлан Жүніс сынды ағаларының әңгімелерін ұйып тыңдауда. Қонақтар жиналғандарға бірінші жазған өлеңдері мен қазақтың танымал жазушылары жайлы айтып берді.

Сәулет Мұқанова – Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі “Жас ақындар” үйірмесінің жетекшісі:

– Үйірме 2 жылдан бері жұмыс істейді. Мұнда өңіріміздің жас ақындары жиылған. Балалардың поэзияның исін иіскеп, дәмін кезген адамдармен кездескендері жөн. Олар осындай жиындарға мол нәрсе үйренеді.

Еліміздің белгілі ақындарының қызылжарлық ұл-қыздармен кездесуі бекерден-бекер емес. Келген қонақтар осындай жиындар арқылы жастардың өлеңдерін тыңдап, шама-шарықтарын байқайды. Оларға мықты ақын атану үшін ақыл-кеңестерін де айтпақ.

Бауыржан Қарағызұлы – “Әдебиет порталы” интернет-жобасының жетекшісі, ақын:

– Жастар кітап оқулары қажет. Әдебиетпен танысу керек.

Кездесу барысында ақындар өз шығармашылықтарынан өлеңдер оқыды. Бауыржан Қарағызұлының “Бойдақпын” атты туындысы осыдан бірнеше жыл бұрын, Петропавл қаласында жазылыпты.

Кездесу Әсел Халманның көңілінен шыққан сыңайлы. Ол болашақта ағалары сияқты ақын болуды қалайды.

Әсел Халман – Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып студенті:

– Өзім Абайдың өлеңдерін сүйіп оқимын. Кешке келген ағаларға үлкен рахмет. Олар бізге көп ақыл айтты.

Айта кетейік, бүгінде Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі “Жас ақындар” үйірмесінде 20-ға жуық жеткіншек бар. Олардың дені облыстық және республикалық мүшайраларда жеңімпаз атанғандар.

Байболат Құлтанов