МТРА жаңалықтары

2016 жылы СҚО 23 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Нәтижесінде ведомсвто басшыларына қателікті түзету бойынша 300-ден астам ұсыныс жасалған. Көбінесе нормативтік-құқықтық актілерде сәйкессіздік болады. Соның салдарынан мамандар азаматтардан қажетсіз құжаттарды сұратып, шатасып жататын көрінеді.
Осындай олқылықтарды азайту үшін электрондық үлгіде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру керек дейді мамандар. Бұл екініші жағынан жемқорлықтың алдын алуға да сеп.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

 

– Мемлекеттік органдардың мәліметінше, былтыр солтүстікқазақстандықтарға 3 млн 100 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның 20 пайызы электрондық үлгіде орындалған. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 9 пайызға жоғары. Десе де тұрғындарға мемлекеттік қызмет түрлері электрондық үкімет веп-порталы арқылы көбірек көрсетілсе әлдеқайда тиімді болар еді.

Өткен жылы департамент жергілікті атқарушы және аумақтық органдарда 11 таңдаулы, 88 жоспардан тыс тексеріс өткізген. Нәтижесінде 107 мың 500-ден астам жағдайда мемлекеттік қызмет туралы заңының орындалмағандығы анықталды.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Оның ішінде 8 факті бойынша мемлекетік қызмет тұрғындарға мерзімінде көрсетілмеген. 5 мыңнан астам жағдайда құжаттарын толық ұсынбаған азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетілген. Бұдан басқа мамандар стандартта белгіленбеген құжаттарды сұратқан. Көп жағдайда қызмет көрсету үрдісі бұзылған.

Өкінішке қарай, мемлекеттік аппараттта жүріп, лауазымын асыра пайдаланатындар да баршылық. 2016 жылы әдеп жөніндегі кеңесте мемлекеттік қызметшілер мен олардың басшыларына қатысты 23 тәртіптік іс қаралды. Кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша 11-і қызметтік этиканы бұзды, 9-ы осы салаға кір келтірді, соншасы қызметіне толық сай емес деп танылды. Және 2 маман жұмыстан қуылды.

Берік Қасен