МТРА жаңалықтары

СҚО әділет департаменті өткен жылды қорытындылады

Былтыр солтүстікқазақстандықтарға 95 мың мемлекеттік қызмет мерзімінде көрсетіліпті. Сондай-ақ, азаматтарға заң нормалары түсінідіріліп, құқықтық тұрғыда көмек берілген. Бүгінде әділет органдары соңғы технологияларды пайдалана отырып әкімшілік кедергілерді азайтуға күш салуда. Өңірімізде заңды тұлғалар мен жылжымайтын мүлікті тіркеу үрдістері біршама жеңілдеді.

Руслан Кактай – СҚО әділет департаментінің басшысы:

– Әділет органдары заңды тұлғалар онлайн режимінде 1 сағаттың ішінде тіркеле алады. Былтыр 992 заңды тұлғаның 3/1-і осы әдісті қолданған. Сонымен қатар былтыр 65 800 жылжымайтын мүлікті есепке алу қызметінің 1,2 пайызы электрондық форматта орындалған. Адамдар жылжымайтын мүлігін өз атына ауыстырып, нотариуста отырып-ақ онлайн режимінде баспанасын тіркей алады.

Қазіргі таңда жергілікті АХАТ органдарының архивтері толығымен электрондық нұсқада қызмет көрсетуге көшті. Тиісініше, азаматтар архив құжаттарын қысқа мерзімде алуға, уақыттары мен қаражаттарын үнемдеуге мүмкіндік алды.

Осы күні өңірімізде жеке сот орындаушылар институты қарқынды дамып келеді. Бұл келешекте мемлекеттік сот орындаушыларының жұмыс жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда аймағымызда 46 жеке сот орындаушысы жұмыс істейді. Соның 18-і аудандарда тіркелген.

Қарлығаш Бейсенова – СҚО жеке сот орындаушылары аумақтық палатасының жетекшісі:

– Бүгінде 36 мың өндірістік іс жеке сот орындаушыларында жатыр. Құжаттардың 60 пайызы – әкімшілік айыппұлдар. Алименті өндіріп алу бойынша 1,5 мың құжат бар.

Ал мемлекеттік сот орындаушыларында алиментті өндіріп алу бойынша 4 мыңнан астам іс жатыр.

Берік Қасен