Спорт

Қаңтардың 26 Петропавлда Универсиада алауы тұтанады

Виктор Бондаренко – конькимен жүгіру спортынан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт ардагері:

– Мен үшін Универсиада алауын алып жүру үлкен мәртебе. Себебі, осындай ірі спорттық дода елімізде тұңғыш рет өткелі жатыр. Осы шараға елімізге еңбегі сіңген, беделді адамдар қатысады. Менің де спортқа қосқан үлесім қомақты деп есептеймін.

Жерлесіміз Виктор Бондаренко өңірде алғашқылардың бірі болып 70 жылдары конькимен жүгіру спортын қолға алған. 50 жылдық еңбек өтілінде 40-тан артық ҚР спорт шебері мен бірнеше халықаралық дәрежедегі спорт шеберін дайындапты. Қазір соның бәрі егде жасқа келген. Ардагер бүгінде Универсиадаға қатысқалы жүрген жерлесіміз Роман Кречке үлкен сенім артады.

Виктор Бондаренко – конькимен жүгіру спортынан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт ардагері:

 

– Роман Креч конькимен жүгіру спортына 90 жылдары келді. Сол кезде оның аяқ алысы жаман емес еді. Бүгінде ол Қазақстанда рекорд орнатты. Азия құрлығында да алдына жан салмайды. Роман Креч универсиадада бақ сынағалы жатыр. 500 және 1000 метрлік қашықтық оның оң жамбасына келеді. Сондықтан, Роман топ жарып, алтынан алқа тағынады деген үміттемін.

Бүгінде Виктор Бондаренко құрметті демалыста болса да қоғамдық өмірде белсенді. Қазіргі таңда облысқа еңбегі сіңген адамдар туралы кітап жазып жүр.

Берік Қасен