МТРА жаңалықтары

Қалалық әкімдікте қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Мұнда 84,6 млрд теңгенің тауары жасалған. 2016 жылы индустриаландыру картасына шаһардың 5 өндіріс ошағы еніпті. Ал биыл тағы 4 жобаны жүзеге асыру көзделген.

Евгения Сальникова- Петропавл қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:

– 2017 жылы құны – 3 млрд теңгеге жуық болатын 4 жобаны іске асыру жоспарлануда. 200-ден астам жаңа жұмыс орны құрылады. Ол «Римказагро» серіктестігінің жылдам әзірленетін ас дайындау цехы. Тағы «Визави компани» фирмасының кондитерлік өнімдері. Қозықұйрық өндірісін қолға алған «Грибной мир» кәсіпорыны мен кірпіш өндірісі өнеркәсіптері.

Бүгіндері облыс орталығында 21 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі бар. Солардың 15 мыңы ғана жұмыс істесе, қалғаны тек қағаз жүзінде ғана тіркелгендер екен. Тағы аталған бөлім бағаларды тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізеді. Әлеуметтік маңазы бар деген азық-түлік өнімдерінің құнын бақылауға алған. Бірақ қоғамдық кеңес мүшелері мұнымен келіспек емес. Олар бағалардың күн сайын шарықтайтындығын алға тартуда. Импорттық тауарларды былай қойғанда, күнделікті тұтынатын нан мен май, жұмыртқа бағасының өзі әр сауда нүктесінде әртүрлі. Бұл сараптама жұмыстарының салғырт жүргізілуінен туындаған дейді олар.

Бейбіт Мұстафина- Петропавл қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі:


–  Әрине бөлшек саудада жүрген кәсіпкерлермен жұмыс істеу қиын. Ол түсінікті. Бірақ ең құрығанда бірінші кезекте тұтынатын азық-түлік бағасын ұстап тұруға болады ғой. Сараптама жұмыстары жүргізілгені көрінбейді. Әр сауда орталығында баға әртүрлі. Барлығымыз тұтынушымыз сондықтан бұған көз жұма қарауға болмайды.

Евгения Сальникова- Петропавл қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:

 

– Бүгіндері бағаларды тұрақтандыру мәселесі үкіметте де қарастырылып жатр. Арнайы жұмыс тобы құрылды. Біздерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімне 33 өнім түрі енген. Қазір үкімет тарапынан оларды негізсіз көтергендерді әкімшілік жауапкершілікке тарту жайы қарастырылып жатыр.

Кеңес мүшелері аталмыш сауалды алдағы уақытта да талқылап, жұмыстың қандай деңгейде орындалып жатқандығын анықтамақ. Кейін жиында тағы 5 мәселе қаралды. Олар бойынша да тиісті орган өкілдеріне бірқатар міндеттер жүктелді.

Магжан Ахмадина