Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысымен танысты

Альберт Насыров – “ТПК Меркурий” ЖШС директоры:

– Жоба бойынша басты ғимараттың шатыры күмбез тәрізді болмақ. Қазіргі уақытта барлық істің 80 пайызы тындырылды. Қаңтар айынан бастап біз алюминий терезелер мен метал жабынды монтаждауға кірістік. Барлығы күнтізбелік жоспар бойынша жүріп жатыр.

Бүгін жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен облыс әкімі Ерік Сұлтанов танысты. Аймақ жетекшісі қайта жаңғыртуда қандай материалдардың қолданылып жатқандығын сұрастырып, барлығын сапалы түрде жасау қажеттігін міндеттеп, орынбасары Антон Федяевке жобаны қайта қарастыруды тапсырды.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Антон Владимирович, мердігер компания мен облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Валерий Затайды шақырып қайта қарастырыңыздар. Жаңғыртуда нысанның қасбетіне травертин материалы қолданылғанның өзінде де ол бір сән беріп тұру қажет.

Бұдан соң Ерік Сұлтанов вокзалдың ішін аралап, жолаушыларға жасалған жағдайды байқады.
Аймақ басшысы келесі нысан – 20-шы ғасырдың басында ең ірі өнеркәсіптік ғимараттардың бірі болған “Көпес Муратовтың диірмені”. Қазір мұнда қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 5 қабатты тарихи нысанның ішімен петропавлдықтар мамыр мен маусым айларынан бастап таныса алады.

Денис Мартыненко – “Оптима Север” ЖШС директоры:


–  Бұл жерде бізде сауда орны немесе балалар әлемі болады. Ол әлі жоспарлану үстінде. Ал барлық дәліздерде қала тарихынан сыр шертетін картиналар ілінеді. Сонымен қатар, диірмен туралы үш тілде үлкен стенд жасамақпыз.

Қаңтардың 19-ы православ сеніміндегілердің Крещение мейрамы аталып өтіледі. Дәстүр бойынша христиан дініндегілер сол күні қасиетті болатын Есіл өзеніне шомылады. Мерекеге әзірлік барысын облыс әкімі Өзен порты аумағына барып өзі байқады.

Евгений Глотов – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

– Мына жерде әйел адамдарға арналған шомылатын жер болады. Ал оның үстінен шатыр тігіледі. Яғни, ішінде киім ауыстыру үшін жағдай жасалмақ. Ал оның сыртында ер азаматтарға арналған орын құрылады. Сондай-ақ, өзеннің жағасында құрылған асханадан барып тегін ыстық шәй ішуге болады.

Аймақ басшысы осындай жұмыстардың қалалық жағажайда да тындырылып жатқандығын байқап, келушілердің қауіпсіздігін басты назарда ұстау керектігін тапсырды. Қазіргі уақытта мұздың қалыңдығы 25 см, Крещение мейрамында қалалық жағажай мен Өзен порты аумағында барлығы 30-ға жуық құтқарушы кезекшілік атқарады.
Қазір облыс оралығындағы 20-шы шағын ауданында халықтан жиналған қаражатқа 700 орынға шақталған мешіт тұрғызылуда. Жүріп жатқан істің барысын байқаған аймақ жетекшісі ғимараттың қасбетін сәуір-мамыр айларында аяқтау керектігін айтты.

Сонымен қатар облыс әкімі Береке шағын ауданында тұрғындардан жиналған қаражатқа салынып жатқан Севастиано-Магдалининский шіркеуінде болды. Ғибадатхана 200 орынға шақталған. Өңір жетекшісі жақын арада ғимараттың ішіне барлық инженерлік-коммуникациялық желілерді тартып, сыртына көмескі жарық жасауды міндеттеді. Сондай-ақ, мешіт пен шіркеуді ағымдағы жылдың желтоқсан айында қолданысқа беруді тапсырды.

Аймақ жетекшісі соңғы аялдаған нысан – Ярослав Гашек көшесінде бұрыннан қаңырап бос тұрған жатақхана болды. Үш қабатты ғимаратта 90 бөлме бар. Облыс әкімі ІІД-ің бастығының бірінші орынбасары Думан Таевқа нысанның жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеп, осы жылы ғимараттың жөндеуін аяқтауды міндеттеді. Кейін бұл ІІД-ің жатақханасы болмақ.

 

 

Риат Шони