Қоғам

Крещение мерекесінде автобустардың маршруты өзгертіледі

Бейсенбіде жергілікті тұрғындарға ыңғайлы болу үшін облыс орталығында автобустардың бағыты да өзгертіледі. Қалалық жағажайға 2, 6 және 21-ші автобус бармақ. Ал, өзен портына 24, 25-ші маршруттар жүреді. Бұл күні таңғы 7-ден кешкі 21-ге дейінгі аралықта құтқарушылар, полицейлер мен әскери қызметкерлер күшейтілген режімде жұмыс жасайды. 19 қаңтарда облыстық және қалалық жергілікті полиция қызметінің 150 тәртіп сақшысы кезекшлік атқармақ. Олардың міндеті – тыныштық пен тәртіпті қамтамасыз ету. Себебі, бұл күні өзен маңына 12 мыңға жуық адам жиналмақ.

Шәмшиден Ақышов, Петропавл қаласы ІІБ Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары:

– Бұл күні Потанина көшесі мен ДСР шағын ауданынан бері қарайғы жолдардағы автобустардың маршруты өзгереді. Тәртіпті 150 полицей қамтамасыз етпек.

Акбопе Танирберген