МТРА жаңалықтары

Есірткі саудалаған нашақор қолға түсті

Петропавлдықтан тәркіленген жалпы мөлшері 110 граммнан артық героиннің нарықтағы құны – 300 мың теңге маңайында. Бір қызығы, азамат ертеректе осындай қылмыс жасағаны үшін істі болған екен. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Самархан Әлкенов – Петропавл қалалық ІІБ аға тергеушісі:

– Аталған азаматтың үстінен ҚР ҚК 297 бабы 1 тармағы бойынша іс қозғалды. Ол 10 жылдан 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жалпы жыл басталғалы бұл тәркіленіп отырған ең ірі көлемдегі контрабанда болып отыр. Өткен жылы облыста заңсыз айналымнан 420 келі есірткі заты алынған. Соның 1,5 келісі героин. Ал осындай бағыттағы қылмыстарды анықтауға бағытталған «Өрмек» жедел алдын алу шарасы жалғасуда.

Магжан Ахмадина