МТРА жаңалықтары

Елімізде онлайн уақытша тіркелу қызметі қолжетімді болды

Мәселен, Петропавлдағы ХҚКО-нда күніне 700 адам келіп, тіркеуге тұрады. Қазір аталған қызмет бойынша мұнда тұрғындарды 7 маман қабылдайды. Енді қаңтардың 18-нен олардың жұмыстары біршама жеңілдетілді. Өйткені, Қазақстанның электрондық үкіметі порталында онлайн тіркелу қызметі іске қосылды.

Қарлығаш Садриева – «ХҚКО» РМК СҚО бойынша филиалының құжаттарды қабылдау жөніндегі маманы:

 

– Еgov электронды үкімет порталына тіркеліп, қызметке тапсырыс беру қажет.
Өтініш толтырып, электронды сандық қолтанбаңызбен бекітуіңіз керек. Ал мемлекеттің баж салығын порталдың төлем шлюзы арқылы жүзеге асыра аласыз. Бастысы тіркеуге үйде немесе жұмыста отырып-ақ тұруға болады.

Онлайн тіркелу үшін бар болғаны 10-15 минут уақыт керек. Бірақ, әзірге бұл қызметті петропавлдықтар пайдаланған емес. Десе де, олар бұл жүйенің қаншалықты қажет екендігін біледі.

–  Онлайн тәркелу өте тиімді. Әсіресе үйде баласымен отырған аналарға. Көп уақыт керек етпейді.

– Онлайн тіркелу жайлы бүгін естідім. Әрине, бұл қызмет тиімді ғой. Үйде де немесе жұмыста отырып тіркеуге тұруға болады.

– Керек қызмет. Біздің үйдегі келініміз баламен отырады. Енді үйде де отырып тіркеуге тұруға болады.

Жалпы жыл басынан облыс орталығында 3220 адам уақытша және тағы 2747-сі тұрақты тіркеуге тұрған.

Айгерім Ержанова