МТРА жаңалықтары

“Нұрлы жол” бағдарламасы бойынша тұрғызылып жатқан үйлер “Нұр Отан” партиясының бақылауында

Мына үйді “Основание” серіктестігі көтеруде. Жұмыстың сапалы орындалуын “Нұр Отан” партиясының Петропавл қалалық филалы жанындағы бақылау комиссиясы қадағалып жүр. Учаскедегі іс ретімен жүріп жатыр, бірақ мердігерлер құрылысқа берілген мерзімнің тым аз екендігін айтуда.

Сергей Тимофеев – “Основание” ЖШС директоры:

– 75 пәтерлік үй “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында бөлінген қаражат есебінен тұрғызылып жатыр. Қаражат пен материал тапшылығы жоқ. Жұмыс күші де жеткілікті. Қазір учаскеде 45 адам істейді. Алда жұмыс ауқымы кеңейгенде еңбеккерлердің санын арттырамыз. Бізге тек аязды күндер кедергісін келтіруде. Қыс мезгілінде баспананы қолданысқа тапсыру қиын. Жоспар бойынша баспана наурыз айында тапсырылуы керек.

Гастелло көшесінің бойында үш көпқабатты үй салынуда. Баспаналарды “Сройкомпания”, “Основание” және “Альфа-Север” компаниялары тұрғызуда. Үйлердің ішін аралап шыққан партия өкілдері, құрылысшылардың жұмысына жақсы бағасын берді.

Жасұлан Ахметов – “Нұр Отан” партиясының Петропавл қалалық филалы жанындағы бақылау комиссиясының мүшесі:

– Құрылыс нормаларын мердігер компаниялар бұзған жоқ. Құрылысшылар екі ауысымда жұмыс істеп жатыр. Кестеден қалып қоюшылық әзірге байқалмайды.

Комиссия бұл үйлерді 2 аптадан кейін қайта тексермек. Бүгінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында облыс орталығында 7 үйдің құрылысы жүруде. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 3 млрд 300 млн теңгеден аса қаржат бөлініпті.

Берік Қасен