Құқық қорғау органдары

Петропавлда кісі өліміне қатысты істің беті ашылды

Бірақ еш нәтиже болмапты. Ал жақында тәртіп сақшылары кезекті жедел іздестіру шарасы аясында ер адамның мәйітін тапты. Белгілі болғандай, жәбірленуші 2013-ші жылы өз бөтелкелесінің қолынан қаза болған. Мамандардың айтуынша, оқиға орын алған күні екеуі де ішімдікке тойып алып, сөзге келеді. Нәтижесінде, бұл ұрыс кісі өлімімен аяқталған. Тіпті, қылмыскер мәйітті ойланбастан өздері отырған жертөлеге көміп тастаған.

Нұрлан Ысқақов – Петропавл қаласы ІІБ жеке тұлғаларға қарсы қылмысты ашу бөлімшесінің бастығы:

– 2017-ші жылдың қаңтарында жедел іздестіру жүргізу шарасы аясында Петропавл қаласының азаматы аталған қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды. Сонымен қатар, мәйіттің сүйектері де табылды. Қазір 78-ші жылғы күдікті азамат қамауға алынған. Жасаған қылымысын да мойындап отыр.

Ұсталған күдікті еш жерде жұмыс істемейтін облыс орталығының 39 жасар тұрғыны болып шықты. Анықталғандай бұған дейін ол ұрлық үшін сотталыпты. Ал соңғы жасаған қылмысын ер азамат бірнеше жыл бойы барынша жасырып баққан.

Нұрлан Ысқақов – Петропавл қаласы ІІБ жеке тұлғаларға қарсы қылмысты ашу бөлімшесінің бастығы:

– Қазір ҚР ҚК-нің 2-ші бөлімі 99-шы бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заң бойынша қылмыс дәлелденсе, ер азамат 20 жылға дейін темір торға қамалуы мүмкін.

Айту керек, жыл басынан өңір полицейлері бірнеше жыл бойы анықталмаған 29 қылмыстық істің бетін ашқан.

Айгерим Ержанова