Спорт

Өңір волейболшылары ҚР қысқы чемпионатынан жүлделі оралды

«Бұл спортта ең бастысы, ол – командалық ойын. Бір-бірімізбен ұйымшыл болғандықтан, біздің құрама жақсы нәтиже көрсетіп, күміс жүлдені иемденді» – дейді спортшы. Бұрымдылар мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта талай жетістіктерді бағындыруды көздеп отыр.

Гауһар Исмағұлова – СҚО әйелдер арасындағы волейбол құрамасының мүшесі:

– Біздің құрама көптеген жетістіктерге жетті. Талғарда өткен жарыстан да жүлделі оралдық. Келесі жылы 1-ші орын алуға үміттенемін.

Гауһар Исмағұлова мүшесі болып саналатын орта топтағы құрамадан бөлек, кішілері де күмісті еншілеген. Ал, 16-17 жастағы үлкен топ ойыншылары павлодарлық спортшылармен кездесіп алтын алғаны тағыныпты. Негізі ел чемпионатына біздің өңірден 8 команда қатысты. Олар қысқы біріншлік аясында Павлодар, Ақтөбе және Талғар қалаларында өнер көрсеткен.

Руслан Молдыбаев – СҚО әйелдер арасындағы волейбол құрамасының жаттықтырушысы:

– Біз үйде жарысқа мықтап дайындалдық. Шәкірттерімді жоғары деңгейде жаттықтырдым. Ойыншылардың алдына үздіктердің қатарына ілігу тапсырмасы жүктелген. Жоғарғы сатылардан көріне алдық.

Енді алда әлі волейболдан ел чемпионатының үшінші кезеңі тұр. Кезекті дүбірлі дода ақпанның 4-і мен 10-ы аралығында Петропавл қаласында өткізілмек.

 

Айсулу Сергали