МТРА жаңалықтары

17-қаңтар – Дүниежүзілік балалар өнертабысы күні

Бұл – 14 жастағы петропавлдық Сергей Швецтің ойлап тапқан жобасы. Ол аталған жұмысын Елордада өткен инновациялық жобалар байқауында таныстырып 250 мың теңге ұтып алды.

Сергей Швец, Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің студенті:

– Мен енді өз жобамды іс жүзінде орындағым келеді. Бірінші патенттеп алып, кейін шетелде шығарсам деймін. Достарым сенің ойыңа зиянсыз қапшықтарды қарапайым заттардан жасау қалай келді деп сұрап жатады. Маған идеяны ұстаздарым берді. Өзімнің де түрлі сұрақтарға жауап іздеп жүретін әдетім бар. Кез келген балаға қолдау көрсетсе ол өз арманын жүзеге асыруға асығады.

Сергей Швец сияқты оқушылар НЗМ-де аз емес. Ұл-қыздар ұстаздарының жол көрсетуімен түрлі жобаларды жасап шығарады.

Данияр Уәлиев, Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары

– Балалардың әрқайсысы дарынды. Оларды қалаған нәрсесіне тыйым салуға болмайды. Әке-шешесі мен мұғалімдері қолдап отыруы қажет.

Бала белгілі бір бағытта жетістікке жетуі үшін оған 10 мың сағат жұмсау керек. Мәселен, спортшы боламын десе 10 жыл бойы күніне 1-1,5 сағат жаны қалайтын спорт түрімен айналысса, ол айтарлықтай табысқа жетеді. Бірақ, перзентіңізді жаны қаламайтын нәрсемен айналысуға мәжбүрлеу дұрыс емес.

Данияр Уәлиев, Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары:

– Пультті де, кір машинаны да еріншектіктен ойлап табады. Сондықтан әр ой үлкен бастамаға алып келуі мүмкін.

Су шаңғысы, балғары құлаққап, таяқшалы балмұздақ. Бұның барлығын балалар ойлап тапқан. Сондықтан да 17-қаңтар Дүниежүзілік балалар өнертабысы күні ретінде аталып өтіледі.

Ақбөпе Тәңірберген, тілші:

– Жыл сайын әлемде 500 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер түрлі гаджеттер мен ойындарды ойлап табады, роботтар мен техникаларды іске қосады. Балалақайлардың шығарған осындай өнертабыстар біздің өмірімізді қызықты әрі жайлы етуге қызмет етіп жүр. Балаңыз мұндай дарынды болсаын десеңіз кішкентайынан жан-жақты тәрбиелеу керек екен.

Ақбөпе Тәңірберген